АСТАНА. 25 қаңтар. Мемлекет басшысы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Владимир Жұмақановты қабылдады. Бұл туралы akorda.kz хабарлады.
Кездесу барысында Комитеттің қазіргі қызметі мен алдағы кезеңге арналған міндеттері талқыланды. Атап айтқанда, терроризмге, экстремизмге қарсы іс-қимыл және мемлекеттік шекараны қорғау мәселелері қозғалды.
Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.
Еламан Қоңыр.
Дерек, сурет: akorda.kz.