• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
25 Қаңтар, 2016

Қызылорда полицейлері адамды өлімнен құтқарып қалды

334 рет
көрсетілді

ҚЫЗЫЛОРДА. 25 қаңтар. Облыс орталығында 23 қаңтар күні сағат 17.30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінен өтіп бара жатқан жол-патрульді полиция батальонына «көпір үстінен белгісіз бір азаматтың секіріп кеткендігі» жөнінде хабарлама келіп түседі. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Аталған хабарлама бойынша полиция аға лейтенанты Шаттық Жайсаңбаев, полиция аға сержанты Бақытжан Әшірбеков пен Нұрлыбек Нұртаев «Сырдария» көпіріне дереу жетіп, өзеннің ағысымен батысқа қарай ағып бара жатқан азаматты байқайды. Ауа райының қолайсыздығына қарамастан, сыртқы киімдерімен суға түсіп, азаматты құтқарып алады, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Оқиға басына жедел жәрдем қызметі шақырылып, азамат Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді. Азаматтың хал-жағдайы жақсы деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Қазіргі таңда азаматтың бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде. Ержан Байтілес. Дерек, сурет: egemen.kz