• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Казинодан қашқан қашқын

217 рет
көрсетілді

Қарағанды облысында аяқ а­с­ты­нан 20 жастағы студент Иван Ма­каров жоғалып кетті. Әзірге оның қайда екенін тірі жан білмейді. Бар болғаны ол үйден кетерінде тілдей хат қалдырыпты. Онда «ешкімге зиянымды тигізбей, осылай кет­кенім дұрыс, барлық проблема ше­шілгеннен кейін өзім келем», деген мазмұндағы сөздер жазылған... Үй­ден кетерінде ол өзімен бірге ноут­бук, телефон, Altel 4G жылжы­малы интернетін ала кеткен... «Бақсақ – бақа екен демекші», студенттің алды-артына қарамай, үйден неге безгені енді белгілі бол­ды. Сөйтсе, Саран қаласындағы гуманитарлық-техникалық кол­ледж­дің студенті біраз уақыттан бе­рі интернетте казино ойнайды екен. Алайда, үй-іші оның мұндай құмар ойынға басы байланғанын білмепті. Оқу озаты, тәртібі үлгілі, спортпен шұғылданатын одан мұн­дай «өнер» шығады деп әсте күт­песе керек. Ағасы Михаилдың айтуынша, Иван интернет ойынханасында ірі көлемде ақша ұтылғанға ұқ­сайды. Ол ақшаны біреулерден қарызға алуы мүмкін немесе ойынды қарызға ойнаған. Бір белгілісі, бүгінде Иванды біреулер іздеп жүр жә­не олар қолдарына түссе оны аяйын деп жүрген жоқ... Таяуда Михаил Саран қала­сындағы ішкі істер бөліміне ба­рып, поли­цияға інісі­нің жо­ғалуына бай­ла­ныс­ты арыз түсір­ді. Қайрат ӘБІЛДИНОВ, «Егемен Қазақстан». Қарағанды облысы.
Соңғы жаңалықтар