• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Ұлт Жоспарына сай қоғамдық кеңес құрылады

247 рет
көрсетілді

Президент Н.Назарбаевтың «100 нақты қадам» – Ұлт Жос­па­рына сәйкес, орталық мем­ле­кеттік органдарда осы қоғамдық институттың жаңа форматын құруды көздейтін «Қоғамдық ке­ңестер туралы» Заң қабылданды. Осы заң мемлекеттің халық алдында есеп беруін қалыптасты­ру бойынша мемлекет саясатын жү­зеге асыруға, коммерциялық емес ұйымдардың, азаматтардың барлық деңгейдегі мемлекеттік органдардың шешім қабылдауына кең араласуын қамтамасыз етуге бағытталған және қоғамдық кеңестер қызметінің құқықтық мәртебесін қалыптастыру және ұйымдастыру тәртібін анықтайды. Қоғамдық кеңестер қызметінің мақсаты қоғамдық маңыз­ды мәселелер бойынша азаматтық қоғамның көзқарасын білдіру бо­лып табылады. Ал оның мін­деттеріне азаматтық қоғамның мүддесін білдіру және өзара іс-қимылды дамыту, орталық ат­қарушы органдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етуде қоғамдық бақылауды ұйымдастыру жатады. Бұл орайда аталған заңға сәйкес қоғамдық кеңестерді және олардың құрамын мемлекеттік органның бірінші басшысы басқаратын жұмыс тобы қалыптастырады. Аза­маттық қоғамдардан жұмыс тобының мүшелерін іріктеу тәрті­бі, оны өткізу мерзімі, құжаттар тіз­бесі, жұмыс тобының өкілеттігі және өзге де мәселелер Үкімет бе­кіткен үлгі негізінде әзірлен­ген Қо­ғамдық кеңес туралы ережеде анықталады. Осыған байланыс­ты, қазіргі уақытта аталған заңға сәйкес ІІМ жанында Қоғамдық кеңес туралы ережені әзірлеу және сондай-ақ, Кеңестің құрамын құру бойынша жұмыс тобы құрылуда (толығырақ ІІМ-нің сайтында mvd.gov.kz).  «Егемен-ақпарат».
Соңғы жаңалықтар