• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Геннадий Головкиннің кезекті қарсыласы белгілі болды

224 рет
көрсетілді

ҚАРАҒАНДЫ. 27 қаңтар. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) Геннадий Головкиннің жаңа қарсыласының есімін атады. Бұл туралы  vringe.com. порталына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Орта салмақта WBA (Super), IBO, IBF және WBC (Interim) тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкин 23 сәуір күні өзінің кезекті жекпе-жегін өткізеді. Оның бұл жолғы қарсыласы болып американдық 25 жастағы боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) тағайындалды. Бұдан бұрын Головкинмен жекпе-жекке американдық Туреано Джонсон шығады деп хабарланған болатын. Алайда, ол жарақатына байланысты айқастан бас тартты. Еске салсақ, Головкиннің болашақ қарсыласы Уэйд былтырғы жылдың маусым айынан бері шаршы алаңға шыққан емес. Ол өзінің соңғы жекпе-жегін 41 жастағы ардагер боксшы Сэм Салимонмен өткізіп, дау-дамаймен әрең жеңіске жеткен болатын. Қайрат Әбілдинов. Дерек: vringe.com. Сурет: lenta.ru.
Соңғы жаңалықтар