• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Ақмолада партиялық бақылау комиссиясы жиын өткізді

337 рет
көрсетілді

АҚМОЛА. 27 қаңтар. «Нұр Отан» партиясы Ақмола облыстық филиалында партиялық бақылау комиссиясының отырысы өткізілді. Бұл туралы облыстық филиал баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Комиссия төрағасының орынбасары Әлібек Баймағамбетов патияның аудандық филиардары жанындағы партиялық бақылау комиссиясының өткен жылда атқарған жұмыстарының қорытындысы мен алдағы міндеттер жайында баяндама жасады. Комиссия жыл ішінде күн тәртібіндегі өзекті 16 мәселе бойынша мәжіліс өткізсе, аудандық филиалдардың отырысында 150-ден астам мәселе қаралған. Осы мерзімде партиялық бақылау комиссияларының ұсынсытарымен 29 партия мүшесі жауапкершілікке тартылғаны айтылды. Сондай-ақ, аймақтық партиялық бақылау комиссиясы азаматтық қоғам институттарымен өзара қарым-қатынас орнату шеңберінде бірқатар мемлекеттік және құқық қорғау органдарымен, үкіметтік емес ұйымдармен меморандумдар қабылдады. Жиында ішкі партиялық мәселелер талқыланып, Есіл, Бурабай, Бұланды, Зеренді, Жақсы аудандық филиалдарының жұмыс есептері тыңдалды. Барлық сұрақтар бойынша комиссия мүшелері бірқатар шешімдер қабылдады. Бақберген Амалбек. Дерек, сурет: egemen.kz.
Соңғы жаңалықтар