• RUB:
    5.05
  • USD:
    522.91
  • EUR:
    548.85
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Қостанайда тәуелсіздік жылдары салынған нысандар көп

375 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 27 қаңтар. Облыста тәуелсіздік жылдары 1300-ден аса денсаулық сақтау, 1700-ден аса білім беру нысандары салынған. Баспасөз клубында журналистермен кездескен облыс әкімінің әлеуметік мәселелеер жөніндегі орынбасары Марат Жүндібаев осылай деді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Марат Қонысбайұлы журналистерге негізінен тәуелсіздік алған 24 жыл ішінде әлеуметтік салада атқарылған жұмыстар туралы әңгімеледі. Ол ширек ғасырға жуық уақытта облыстың әлеуметтік саласы серпінді дамығанын айтты. Мысалы білім саласына бюджеттен бөлінген қаржы 3,4 миллиард теңгеден 57,3 миллиард теңгеге дейін өскен. Денсаулық, басқа салалардың да қадамы осылай қарышты. Мұнан кейін журналистер сұрақтарына жауап берген облыс әкімінің орынбасары биыл облыста тәуелсіздіктің 25 жылдығымен қатар Ыбырай Алтынсариннің туғанына 175, облыстың құрылғанына 80 жыл толуы мерекелері де кеңінен аталып өтетінін жеткізді. Биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісіне де 100 жыл толады. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.