• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Атырау облысында 302 186 сайлаушы дауыс береді

258 рет
көрсетілді

АТЫРАУ. 28 қаңтар. Атырау облысында 20 наурызда өтетін Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар сайлауында 302 186 сайлаушы дауыс береді. Бұл туралы облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Асау Ибрашевтың дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Аймақтық коммуникациялар қызметінің баспасөз орталығында БАҚ өкілдерімен кездескен комиссия төрағасы Асау Ибрашевтың мәлім етуінше, Атырау облысында 9 аумақтық сайлау комиссиясы жұмыс жасайды. Сонымен бірге, 134 округтік сайлау комиссиясы мен 234 учаскелік сайлау комиссиясының құрамы жасақталды. Атырау облысында дауыс берушілердің саны да нақтыланды. Демек, сайлау күні 302 186 сайлаушы дауыс береді. Жолдасбек Шөпеғұл. Дерек: egemen.kz. Сурет: Рахым Қойлыбаев.
Соңғы жаңалықтар