• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
27 Қаңтар, 2016

Ұлыбританияның белгілі әншісі қайтыс болды

243 рет
көрсетілді

АСТАНА. 27 қаңтар. Ұлыбританияның белгілі әншісі Black лақап атымен танылған Колин Вирнкоумб 53 жасында қайтыс болды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Әнші 2016 жылы қаңтар айының 10 күні Ирландияның Корк қаласына таяу маңда жол апатына ұшырап, ауыр жарақат алған. Уақытында ауруханаға жеткізіліп, дәрігерлер қарауында боланымен, соңғы екі күнде Колин Вирнкоумбтың жағдайы күрт нашарлап кетті. Ал әншінің көз жұмғаны туралы ақпарат facebook әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында жазылған. Ақпарат бойынша, ол жақындары мен достарының ортасында жан тәсілім етті. Колин Вирнкоумб 1962 жылы Ливерпуль қаласында дүниеге келген. Алғаш болып шығарған Human Features әні 1981 жылы тыңдармандарына жол тартқан болса, Wonderful Life әні арқылы атағы кеңінен тарай бастады. Осыған дейін өзінің 15 альбомы шығарылды. Айта кетейік, соңғы бір жарым ай ішінде Ұлыбританияның белгілі екі әншісі қайтыс болды. Оның бірі – Motorhead тобының негізін қалаушы Лемми Килмистер болса, ал екіншісі – Дэвид Боуи. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: interfax.ru.
Соңғы жаңалықтар