• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Зейнетақы төлемдерінің мөлшері және оларды алу тәртібі

391 рет
көрсетілді

2016 жылы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне зейнетақымен қамсыздандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 2 тамыздағы № 342-V заңымен «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларға сәйкес «БЖЗҚ» АҚ-тан төленетін зейнетақы төлемдерін алу тәртібі өзгерді. БЖЗҚ-да зейнетақы жинақтары болған кезде белгіленген кесте бойынша міндетті зейнетақы жарналары (МЗЖ), міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары (МКЗЖ) есебінен БЖЗҚ-дан төленетін зейнетақы төлемдеріне құқығы бар тұлғалар: – 63 жасқа толған ерлер, 58 жасқа толған әйелдер 2018 жылғы 1 қаңтардан бастап – 58,5 жасқа; 2019 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59 жасқа; 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап – 59,5 жасқа; 2021 жылғы 1 қаң­тардан бастап – 60 жасқа; 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап – 60,5 жасқа; 2023 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61 жасқа; 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап – 61,5 жасқа; 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62 жасқа; 2026 жылғы 1 қаңтардан бастап – 62,5 жасқа; 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап – 63 жасқа толғанда алады; – егер мүгедектігі мерзімсіз болып белгіленсе, бірінші және екін­ші топтағы мүгедектер. Зейнетақы төлемдерін алушы жалпыға бірдей белгіленген зейнет жасына толғанда МЗЖ және МКЗЖ есебінен кесте бойынша зейнетақы төлемдерін тағайын­дау туралы өтінішті ре­сімдеу үшін БЖЗҚ-ның жақын кеңсесіне барып өтініш жасауға тиіс. Оның өзімен бірге жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі, зейнетақы жинақтарын аудару үшін алушының банк шоты туралы мәліметтер болу керек. Сонымен қатар, алушы зей­нетақы төлемдерін ресімдеу үшін құжаттарды сенім білдірілген адам не пошта байланысы арқылы да бере алады. Қазақстан Республикасы заңна­масының талаптарына сәйкес келе­тін құжаттар берілгеннен кейін, БЖЗҚ зейнетақы төлемдерін он жұмыс күні ішінде жүзеге асы­рады. Төлемдер кезеңділігін алу­шының өзі белгілейді, мысалы, жы­лына бір рет, тоқсан сайын бір рет не ай сайын. Алушы зейнетақы жинақт­ары­ның барлық сомасы республикалық бюджет туралы заңда тиісті қар­жы жылына белгіленген ең тө­мен­гі зейнетақының отыз еселенген мөлшерінен аз болған жағ­дай­да,сол барлық соманы ала алады. Егер төлем жасалғаннан кейін жеке зейнетақы шотындағы зей­нетақы жинақтарының қалдығы ең төменгі зейнетақы мөлшерінен аз соманы құраса, осы қалдық төлем сомасымен бірге төленеді. Зейнетақы жинақтарын ауда­руға, есептеуге және төлеуге байланысты банк қызметтеріне ақы төлеу, оларды айырбастау және алушылардың шетел банктерінде ашылған банк шоттарына аударуды қоспағанда, БЖЗҚ-ның өз меншікті қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Зейнетақы заңнамасына сәй­кес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жар­наларын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жар­наларын тартуды, зейнетақы төлем­дерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зей­нетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz), деп хабарлады «БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы.