• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Заңдылықты қадағалау – ұдайы назарда

272 рет
көрсетілді

Еліміздің көлік прокуратурасы азаматтардың құқын қорғауда заңды қадағалау жұмысын ойда­ғыдай атқарып келеді. Олар 2015 жылы өз мін­дет­теріне сай қадағалау барысында 41 357 заң бұзушылықтарды анықтады, 3 040 прокурорлық қадағалау ак­тілер енгізілді, оның ішінде 1 782 ұсыныстар қаралды, 29 талап арыз қанағаттандырылды және 192 ұйғарым орындалып, заңға 357 түсіндіру берілді, 110 ескерту жасалды. Жүргізілген тексерулердің нәтижесінде 34 сотқа дейінгі тергеу басталды. Қадағалау шаралары негі­зінде 2 784 заңсыз актілер бұзы­лып, өз­гертілді және әртүрлі жауап­кер­шілікке 5 мыңнан аса адам тар­­­­тылды. Елбасының тапсырмасын орын­дау мақсатында негізгі күш мемлекеттің экономикалық мүд­­­десін қорғауға, мемлекеттік бюджетті сақтауға бағытталды. Бюджетке келтірілген залалдың орнын өтеу көлемі 23,3 млрд. тең­­гені құраса, оның ішінде 21,6 млрд. теңге салық және басқа да тө­­лемдер мемлекеттің бюджетіне өндірілді. Көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жекелеген жұмыстар жүргізілді. Ел азаматтарының құқық­та­рының сақталуына қадағалау жүргізуге аса көңіл аударылады. Қабылданған шаралар негізінде 49 252 азаматтың, оның ішінде 46 677 адамның – конституциялық құ­қықтары қорғалды, 4 мың­нан аса жұмысшыға 435 млн. теңгеден аса жалақы бойынша берешек өтелді. Бас көлік прокуратурасының на­ра­зы­лық­тарымен 26 ірі көлік кә­сіп­орындарының ұжымдық ке­лі­­сімдері еңбек заңнамасымен сәйкестендірілді. Мемлекеттік органдар мен мо­нополистер тарапы­нан негіз­сіз тексерулерге, әкім­ші­лік шараларға және басқа да қысымға ұшыраған 1700-ден аса кәсіпкерлердің құ­қықтары қорғалды, 800-ден аса бизнес субъектілеріне заңсыз тек­се­рулердің алды алынды. Сыбайлас жемқорлықпен кү­­рес саласында көлік про­ку­рорлары­ның қадағалау акті­лерімен 35 адам тәртіптік жауапкершілікке тар­тылды, 2 лауазымды шенеунік сот­талды. Мәселен, Алматы қаласы кө­лік­­тік бақылау инспекциясының же­текші маманы ҚК-нің 307-ба­бы­­ның 2-бөлігі бойынша сотталды. Сонымен қатар, 28 млн. тең­ге құрайтын контрабандалық та­­уар­лардың өтуіне сыбайласа ат­са­лысқан Жамбыл облысы бойынша ветеринарлық бақылау және қадағалау инспекциясының лауа­зымды қызметкері де сотталды. Бас Прокурор А.Дауылбаев­тың берген тапсырмаларына сәйкес, кө­лік прокурорлары бес инс­ти­тут­­тық реформаны іске асыру бойынша «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарын іске асыру барысында прокурорлық қадағалаудың пәрменділігін одан әрі арттыруда. Мұндағы біздің міндетіміз түрлі маңызды мемлекеттік жобаларды жүзеге асыру кезінде заң­ды­лықты қамтамасыз ету, әуе­жай тасымалының мемлекет­тік реттеу тиімділігін жақсарту, оның ішінде құқық қорғау органдарымен бірлесе жұмыс істеп, бюджеттік қаражатты мақсатсыз пайдалану фактілеріне жол бермеу болып табылады. Ыбырай Тілеуғалиев, Бас көлік прокуроры.