• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Жариялылыққа жарқын жол

269 рет
көрсетілді

Орталық коммуникациялар қызметінің Талдықорғандағы филиалында «Сайлау туралы» Заңның БАҚ-тарда сақталуы бойынша баспасөз мәслихаты болып өтті. Онда Алматы облысы әкімінің орынбасары Бақтияр Өнербаев журналистерге «Сайлау туралы» заңды жан-жақты түсіндіріп берді. Бүгінгі таңда осы заңнама шеңберінде жүргізіліп жатқан жұмыс барысында сайлау заңдылықтарын сақтау аса маңызды. Рас, әр үміткер өзінің саяси бағдарламасын газет арқылы жан-жақты жеткізуге, теледидардан ашық әңгіме өрбітуге талпынады. Соның барлығында сайлау туралы заңнаманың бұзылмауы талап етіледі. Өз кезегінде сөз алған Алматы облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Ғалиасқар Сарыбаев сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарында үміткерлердің бұқаралық ақпарат құрал­дарында құқықтары сақталып, барлығына бір ретті мүмкіндік бері­летіндігіне кепіл­дік болатынын жеткізді. Эфирге шығу, басылымдарда жариялау ақылы негізде келісімшарт арқылы жүргізіледі. Жалған ақпарат таратуға, ар-намысқа тиюге қатаң ты­йым салынады. Парламент Мәжілісінің Кезектен тыс сайлауы Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы бекіткен кестеге сәйкес жүргізілетінін әкімдік хабардар етті. Осылайша депутаттыққа үміткерлердің сайлауалды жұмысы бас­талды. Барлық үміткер, заңнама талабы бойынша, сайлау комиссияларында тіркелуі тиіс. Облыста депутаттықтан үміткерлерді сайлаудың 44 округінің шекарасы анықталды. Жалпы, Жетісуда 918 аумақтық сайлау комиссиясы бар. Сайлау науқаны ашық түрде жүр­гізілетіні белгілі. Ал журналистер сол жұмыстың жариялылығын қамтамасыз етуі тиіс. Нұрбол ӘЛДІБАЕВ, «Егемен Қазақстан». Алматы облысы.