• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысы  №1167 

276 рет
көрсетілді

2015 жылғы 31 желтоқсан, Астана, Үкімет Үйі Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидаларын бекіту туралы «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату қағидалары бекітілсін. 2. Осы қаулы 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі К.МӘСІМОВ. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы №1167 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату ережелері 1. Осы Мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын тарату ережелері «Бағалы қағаздар рыногы туралы» 2003 жылғы 2 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 32-6-бабының 7-1-тармағына сәйкес әзірленген және мемлекеттік ислам арнайы қаржы компаниясын (бұдан әрі - компания) тарату тәртібін айқындайды. 2. Компания соттың шешімі бойынша банкрот болған жағдайда және Қазақстан Республикасы заңнамасымен қарастырылған өзге жағдайларда таратылуы мүмкін. 3. Компанияны тарату Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен қабылданады. Бұл ретте, компаниясын ерікті түрде тарату компания шығарған мемлекеттік ислам бағалы қағаздары шығарылымын өтеудің қорытындылары туралы есеп бекітілгеннен кейін жүзеге асырылуы мүмкін. 4. Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияны тарату туралы шешім қабылдағандығын заңды тұлғаларды тіркеуді жүзеге асыратын әділет органына, тіркеу орны бойынша мемлекеттік кіріс органына дереу жазбаша түрде хабарлайды. 5. Мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган компанияның жарғылық капиталында мемлекеттік қатысу құқығы иеленген Мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органмен келісім бойынша компанияны тарату шешімі қабылданғаннан кейін компания тарату комиссиясын күнтізбелік он күн ішінде құрылып компанияның мүлкін және істерін басқару жөніндегі өкілеттік соған ауысады. 6. Тарату комиссиясы компанияны тарату, сондай-ақ оның кредиторларының талаптарын мәлімдеу тәртібі мен мерзімі туралы ақпаратты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің ресми баспа басылымдарында компанияны тарату комиссиясын құрылғаннан кейін күнтізбелік он күн ішінде жариялайды. Банкроттық жағдайларын қоспағанда, талаптарды мәлімдеу мерзімі тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Банкроттық кезінде кредиторлардың банкротқа қоятын талаптары кредиторлардың талаптарын мәлімдеу тәртібі туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей мәлімделуге тиіс. мерзімі тарату туралы хабарландыру жарияланған кезден бастап екі айдан кем болмайды. Тарату комиссиясы кредиторларды анықтау және қарыздарын алу үшін шаралар қолданады, сондай-ақ кредиторларға компанияның таратылғаны туралы жазбаша хабарлайды. 7. Кредиторлар талаптарын қоюға арналған мерзім аяқталғаннан кейін тарату комиссиясы күн­тізбелік отыз күн ішінде аралық тарату теңгерімін жасайды, онда компания мүлкінің құрамы, креди­торлар қойған талаптар тізбесі, сондай-ақ оларды қарау нәтижелері туралы мәліметтер қамтылады. Аралық тарату теңгерімін мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті орган бекітеді. 8. Аралық тарату теңгерімін жасаған кезде таратылатын компания мүлкінің құрамына Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде компанияға сатылған мүлік кірмейді. Тарату комиссиясы көрсетілген мүлікті Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен және мерзімдерде Қазақстан Республикасының меншігіне береді. 9. Компанияның кредиторларына ақша төлеуді тарату комиссиясы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінде белгіленген кезек тәртібімен аралық тарату теңгерімі бекітілген күннен бастап, соған сәйкес жүргізеді. 10. Компанияның таратылатын мемлекеттік ислам бағалы қағаздары бойынша олардың ұстаушылары алдында, сондай-ақ мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі уәкілетті органның және мемлекеттік басқарудың тиісті саласын (аясын) басқару жөніндегі уәкілетті органның алдында міндеттемелері болған жағдайда, тарату мемлекеттік ислам бағалы қағаздарын шығару шарттары ескеріліп жүзеге асырылады. 11. Кредиторлармен есеп айырысу біткеннен кейін тарату комиссиясы тарату теңгерімін азаматтық заңнама талаптарына сәйкес жасайды. 12. Бұл туралы мәліметтер Бизнес-сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізіліміне енгізілгеннен кейін компанияның таратылуы аяқталған болып, ал компания өз қызметін тоқтатқан болып есептеледі.