• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің бұйрығы №1128

256 рет
көрсетілді

2015 жылғы 30 қараша,  Астана қаласы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларын, оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 29 қазандағы Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2–тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес бұйырамын: 1. Мыналар: 1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары; 2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес оларды ілгерілету бойынша шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлардың тізбесін бекітілсін. 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті: 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді; 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актiлерiнiң эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді; 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсына және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруды; 4) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшарында көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін. 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін. 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап туындайтын қатынастарға таралады. Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі Ә.ИСЕКЕШЕВ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Қаржы министрі __________ Б. Сұлтанов 2015 жылғы «___» ______________ «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі ___________ Е. Досаев 2015 жылғы «___» ______________ Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 қарашадағы №1128 бұйрығына 1-қосымша Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары 1. Жалпы ережелер 1. Осы Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2015 жылғы 29 қазандағы Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексі 100-бабының 2–тармағы 13), 14) тармақшаларына сәйкес әзірленген және отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібін айқындайды. 2. Оларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шығындары ішінара өтелетін отандық өңделген тауарлар тізбесінде (бұдан әрі – тізбе) көзделген отандық өңделген тауарларды өндіретін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне (не олардың өндірілген өнімді өткізетін еншілес компанияларына) (бұдан әрі – индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері) ұсынылады. 3. Отандық өңделгенды тауарларды ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келген шығындардың бір бөлігі ағымдағы қаржы жылына арналған республикалық бюджетте осы мақсаттарға көзделген қаражат шегінде өтеледі. 4. Шығындардың бір бөлігін өтеу индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (бұдан әрі – Комиссия) оң ұсынымы негізінде шығарылған индустриялық-инновациялық қызметті мемлекеттік қолдау саласындағы уәкілетті органның (бұдан әрі – уәкілетті орган) шешімі негізінде жүргізіледі, оның құрамына мүдделі мемлекеттік органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті депутаттарының, «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері кіреді. 2. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу тәртібі 5. Индустриялық-инновациялық қызметі субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу шығындардың мынадай түрлері бойынша жүргізіледі: 1) шетелде отандық өнімнің жарнамасымен байланысты шығындар: шығындардың өтелетін баптары – шығындар: бұқаралық ақпарат құралдары (баспасөз, телевизия, радио), мамандандырылған және жарнамалық журналдар мен каталогтар арқылы шетелдегі жарнамаға; шетелдегі қоғамдық орындардағы жарнамаға (баннерлер, тартпаллар, лайт-бокстар, аудио-бейнероликтер, көлік құралдарының сыртқы беттеріндегі жарнама) қоғамдық көлік салондарындағы жарнамаға; осы мақсаттарға арналған аудио-бейнероликтерді және жарнама материалдарын дайындауға, жарнамалық құрастырылымдарды және сыртқы беттерді жалға алуға; 2) шетелдік көрмелерге, жәрменкелерге, фестивальдарға тікелей қатысуға жұмсалатын шығындар: шығындардың өтелетін баптары – шығындар: тіркеу жарнасын төлеуге; көрме алаңдарын жалға алуға ; көрме стендтерін, қосалқы жабдықтарды дайындауға жалғаалуға құрастыруға/бөлшектеуге; көрме алаңдарын әзірлеуге, дизайнына және ресімдеуге; жарнамалық – үлестірме материалдар әзірлеу, жобалау дизайны, аудару және дайындауға; көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің экономикалық класта ұшуына; бес тәуліктен аспайтын мерзімге, осы Қағидаларға 1-қосымшада көрсетілген шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне) аспайтын көлемде көрмеге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің екі қызметкерінің тұруына; 3) каталог әзірлеу және басып шығару: шығындардың өтелетін баптары - шетелде тарату үшін әзірлеу, мамандандырылған каталог басып шығарумен және шет тілдеріне аударумен байланысты шығындар; 4) шетелде өкілдікті, сауда нүктесін, қойманы ұстау: шығындардың өтелетін баптары: кеңсе үй-жайларын жалға алуына/қосалқы жалға алуына жасалатын төлем шығындар; сауда үй-жайларын, қойманы жалға алу төлемінің шығындары; 5) шетелде тауар белгілерін өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар: шығындардың өтелетін баптары: шетелде өнімді тіркеумен байланысты шығындар; шетелде тауар белгісін (брендін) тіркеумен байланысты шығындар; 6) шетелде өнімдерді сертификаттауға байланысты рәсімдер өткізуге жұмсалатын шығындар: шығындардың өтелетін баптары: шетелде өнімдерді сертификаттаумен байланысты шығындар. 6. Шығындардың бір бөлігін өтеу шеңберінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне Қазақстан Республикасындағы салықтар есебінсіз (қосылған құн салығы және акциздер), өтеуге талап етілеген соманың 50 %-ы көлемінде негізделген және құжаттамалық расталған шығындар өтеледі. 7. Шығындардың бір бөлігін өтеу Қазақстан Республикасының ұлттық валютасында жүргізіледі. Бұл ретте шетел валюталарында шеккен шығындарды қайта есептеу өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта бағамдары бойынша жүзеге асырылады. 8. Жұмыс тобының қарастыруы үшін индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің: 1) Еуразиялық экономикалық одағының сыртқы экономикалық қызметінің бірыңғай тауар номенклатурасының (ЕАЭО СЭҚ БТН) 6 және одан да көп белгілері деңгейіндегі тауар позицияларына сәйкес келетін өндіруі немесе өткізуді жүзеге асыратын; 2) өзінің өнімін ілгерілету бойынша шығындар туралы мәліметтер жазылған: осы Қағидалардың 6-тармағында көрсетілген шығындардың түрлеріне жатқызылатын; өтінімдерді қабылдау туралы хабарландыру шыққан күнге дейін екі жыл бұрын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келтірілген өтініштері жіберіледі. 9. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінім осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес мыналар қоса берілетін нысан бойынша жасалады: 1) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісін мемлекеттiк тiркеу/қайта тіркеу туралы куәліктің немесе анықтаманың көшірмесі; 2) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған ақысын төлеуге жұмсаған шығындар өтеуге арналған өтінімге енгізілген жұмыстарды/қызметтерді орындауға арналған шарттардың көшірмелері; 3) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған шот-фактуралардың, орындалған жұмыстар/қызметтер актілерінің, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің осы жұмыстарға/қызметтерге ақы төлеу фактісін растайтын төлем тапсырмаларының көшірмелері; 4) индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен куәландырылған тауардың шығу тегін растайтын құжаттардың көшірмелері. 10. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері осы Қағидалардың 9-тармағындағы көрсетілген құжаттардан басқа бағыты бойынша келесі құжаттарды қосымша ұсынады: 1) отандық өнімді шетелде жарнамалау шығындары бойынша – жарнамасы бар отандық өнімнің каталогтары, газеттері, журналдары мен сол сияқтыларының түпнұсқаларының (оның ішінде қазақстандық өнімдер мен өндірушілер туралы жарнамалық мақалалар), телевизиялық жарнаманың бейненұсқаларының (компакт-дискілер және сол сияқтылар) және бейнероликтерінің, аудионұсқалардың (компакт-дискілер және сол сияқтылар) таратылуы, қоғамдық орындарда өткізілген, көлік құралдарының сыртқы бетіндегі, қоғамдық көліктердің салондарындағы жарнамалар туралы фотоесептерінің (Шартқа сәйкес орны мен жарнамалық ауданымен толық қамтуымен алынған индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері); 2) шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысуға арналған шығындар бойынша – шетелдегі көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерге қатысқандығы туралы фотоесептері (түсірілімнің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған көшірмелері), үлестірме материалдардың түпнұсқа даналары, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған көрмелер, жәрмеңкелер, фестивальдерді, сондай-ақ осы көрмелерге қатысатын компания - индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі қызметкерлерінің ұшып келуін және тұруын растайтын материалдардың көшірмелерін көрсете отырып, жарнамалық-үлестірмелік материалдарды шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы; 3) каталогты дайындау және басып шығару шығындары бойынша – каталогтың түпнұсқасы, индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің бірінші басшысының қолы қойылған шетелде тарату жөніндегі анықтаманың түпнұсқасы; 4) шетелдегі өкілдік, сату нүктесін ұстауға арналған шығындар бойынша – өкілдіктің қаржыландырылуын растайтын құжаттарының мөрмен расталған көшірмелері, сонымен қатар, түсірілімнің орны мен күні көрсетілген индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сауда нүктесінің фотосуреттері; 5) шетелде өнім мен тауар белгісін (бренд) тіркеуге арналған шығындары бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған тіркеу құжаттарының көшірмелері; 6) өнімнің шетелде сертификаттауға арналған шығындар бойынша – индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің мөрімен расталған сертификаттаудан өткенін растайтын құжаттардың көшірмелері (сертификаттар, рұқсаттар және басқалары); 11. Экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы ұлттық даму институты (бұдан әрі - Ұлттық институт) уәкілетті органның тапсырмасы бойынша ұлттық институт өтінімді қабылдау орны мен оған қоса берілетін құжаттарды, өтінімді қабылдау туралы және оны қабылдайтын ұлттық институттың атауын, өтінім қабылдаудың аяқталу күні, сондай-ақ толық ақпаратты қамтитын интернет-ресурсқа жасалған сілтемені көрсете отырып, хабарландыруды республикалық бұқаралық ақпарат құралдарында орналастырады. Бұл ретте өтінімдерді қабылдау бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландыру жарияланғаннан кейін кемінде бір айдан соң аяқталуы тиіс. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сәйкес келуі тиіс талаптар, өтінім нысаны мен оған қоса берілетін құжаттардың және материалдардың тізбесі уәкілетті органның және ұлттық институттың интернет-ресурстарына орналастырылады. 12. Өтінім (бұдан әрі - өтінім) және қоса берілетін құжаттар, құжаттардың тізімдемесін қоса бере отырып қағаз тасығыштарда ұсынылады. 13. Өтінімді Ұлттық институт немесе Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 168 қаулысымен бекiтiлген, «Бизнестің жол картасы 2020» бизнесті қолдау мен дамытудың бірыңғай бағдарламасымен көзделген (бұдан әрі – Жол картасы), Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы (бұдан әрі - КҚКО) қабылдайды . 14. КҚКО арқылы өтінімді қарау тәртібі Жол картасымен реттеледі. 15. Ұлттық институт өтінім түскен күннен бастап он жұмыс күні ішінде өтінімнің толықтығы тексереді, егерде ескертулер жоқ болса, осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындырының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімнің түйіндемесін дайындайды және өтінім мен өтінімнің түйіндемесін жұмыс тобына тексеруге жібереді. 16. Осы Қағидалардың 9,10 тармақтарындағы құжаттарды ұсынбаған жағдайда, ұлттық институт өтінімді қабылдаған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жібереді. Ескертулер өтінімді қабылдау мерзімінің аяқталуына дейін жойылмаған жағдайда, ұлттық институт индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне өтінімді қабылдамау жөнінде хабарлама жібереді. 17. Ұсынылған және осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан тексеру үшін уәкілетті органның шешімімен уәкілетті органның және ұлттық институттың өкілдері қатарынан жұмыс тобы құрылады. 18. Өтінім мен өтінімнің түйіндемесі негізінде жұмыс тобы он жұмыс күні ішінде өтінімге қоса берілген құжаттарды тексеруді жүргізеді және қорытынды шығарады. Қорытынды индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің атауын, түрлерін және келтірілген шығындардың сомаларын, өтелуге болжанатын соманы қамтуы тиіс. 19. Комиссия өтінімнің түйіндемесін және жұмыс тобының қорытындысын қарайды. Комиссияның отырыстары өтінімдерді қабылдаған күннен бастап тоқсанына кемінде бір рет өткізіледі. Комиссия индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы ұсынымды өтінімнің түйіндемесі және жұмыс тобының қорытындысы негізінде шығарады және ұсынымдарды шығарғаннан кейін жеті жұмыс күнінің ішінде шешім қабылдау үшін оларды уәкілетті органға жібереді. 20. Уәкілетті орган Комиссияның оң ұсынымын алған күннен бастап он жұмыс күні ішінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы шешім қабылдайды. 21. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің өтінімдерінен жұмыс тобы немесе Комиссия бас тартқан жағдайда ұлттық институт бас тарту себептерін көрсете отырып, оған тиісті хабарлама жібереді. Осы Қағидалар талаптарына сәйкес келмейтін, сонымен қатар индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі сенімсіз құжаттарды тапсырған жағдайда өтінім қабылданбауы мүмкін. 22. Шешім кабылданған күнінен бастап он жұмыс күнінің ішінде уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісімен осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындырының бір бөлігін өтеу туралы үлгілік келісімге сай жасалатын қаражат аудару туралы келісім жасасады, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің шотына өтелетін соманы аудару соған сәйкес жүргізіледі. 23. Өтінімді қарастыру қорытындылары бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің шығынын өтеудің болжанған сомасы ағымдағы жылдың республикалық бюджетіндегі осы мақсаттарға қарастырылған сомадан асып кететін жағдайда, индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің алғашқы болып түскен өтінімдерінің басымдылығы болады. Қабылдау күндері аяқталғаннан кейін келіп түскен өтінімдер индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне тиісті хабарлама жіберіле отырылып кері қайтарылады. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 1-қосымша Шетелдік көрмелерге қатысатын индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері қызметкерлеріне қонақ үй нөмірлерін жалдау бойынша шығыстарды өтеудің шекті cомалары АҚШ долларымен және евромен (тәулігіне) Р/с № Мемлекет АҚШ доллары евро 1 2 3 4 1. Австралия 250 2. Австрия Республикасы   230 3. Албания 120 4. Алжир Халықтық Демократиялық Республикасы 100 5. Америка Құрама Штаттары 260 Нью-Йорк қаласы 575 6. Ангола Республикасы 120 7. Андорра Князьдігі 100 8. Антигуа және Барбуда 120 9. Аргентина Республикасы 120 10. Армения Республикасы 130 11. Ауғанстан Ислам Республикасы 100 12. Әзірбайжан Республикасы 150 13. Багам аралдары 100 14. Бангладеш Халық Республикасы 100 15. Барбадос Республикасы 100 16. Бахрейн Мемлекеті 100 17. Беларусь Республикасы 100 18. Белиз 100 19. Бельгия Корольдігі   165 20. Бенин Республикасы 100 21. Бермуд аралдары 100 22. Біріккен Араб Әмірліктері 160 23. Біріккен Танзания Республикасы 100 24. Болгария Республикасы   130 25. Боливия Республикасы 100 26. Босния және Герцеговина   125 27. Ботсвана Республикасы 100 28. Бразилия Федеративтік Республикасы 150 29. Бруней 120 30. Буркина Фасо Республикасы 100 31. Бурунди Республикасы 100 32. Вануату 100 33. Венгрия Республикасы   125 34. Венесуэла Республикасы 110 35. Вьетнам Республикасы 100 36. Габон Республикасы 100 37. Гаити Республикасы 100 38. Гайана Кооперативтік Республикасы 100 39. Гамбия Республикасы 100 40. Гана Республикасы 100 41. Гватемала Республикасы 100 42. Гвинея Республикасы 100 43. Гвинея-Бисау Республикасы 100 44. Германия Федеративтік Республикасы   165 45. Гибралтар Республикасы 100 46. Гондурас Республикасы 100 47. Грек Республикасы   185 48. Гренада Республикасы 100 49. Грузия Республикасы 100 50. Дания Корольдігі   150 51. Джибути Республикасы 100 52. Доминикан Республикасы 100 53. Египет Араб Республикасы 120 54. Жаңа Зеландия 150 55. Жапония 220 56. Заир Республикасы 100 57. Замбия Республикасы 120 58. Зимбабве Республикасы 100 59. Израиль Мемлекеті 160 60. Индонезия Республикасы 217 61. Иордан Хашимит Корольдігі 120 62. Ирак Республикасы 110 63. Иран Ислам Республикасы 130 64. Ирландия Республикасы   165 65. Исландия Республикасы   115 66. Испания Корольдігі   205 67. Италия Республикасы   205 68. Йемен Араб Республикасы 100 69. Кабо-Верди Республикасы 100 70. Кайман аралдары 100 71. Камбоджи 100 72. Камерун Республикасы 100 73. Кампучия 180 74. Канада 150 75. Катар Мемлекеті 130 76. Кения Республикасы 120 77. Кипр Республикасы   150 78. Колумбия Республикасы 160 79. Комор Аралдары Федералды Ислам Республикасы 100 80. Конго Халықтық Республикасы 100 81. Корей Халықтық Демократиялық Республикасы 150 82. Корея Республикасы, Сеул қаласы 210 83. Коста-Рика Республикасы 100 84. Код-д’Ивуар Республикасы 100 85. Куба Республикасы 150 86. Кувейт Мемлекеті 150 87. Қырғыз Республикасы 100 88. Қытай Халық Республикасы 150 Гонконг қаласы 150 89. Лаос Халықтық Демократиялық Республикасы 100 90. Латвия Республикасы   85 91. Лесото Корольдігі 100 92. Либерия Республикасы 100 93. Ливан Республикасы 100 94. Ливия 100 95. Литва Республикасы   100 96. Лихтенштейн Князьдігі   110 97. Люксембург Ұлы Герцогтігі   110 98. Маврикий Республикасы 100 99. Мавритания Ислам Республикасы 100 100. Мадагаскар Демократиялық Республикасы 100 101. Макао 100 102. Македония Республикасы   115 103. Малави 120 104. Малайзия Федерациясы 170 105. Мали Республикасы 100 106. Мальта Республикасы 120 107. Мальдив Республикасы 100 108. Марокко Корольдігі 180 109. Мексика Құрама Штаттары 125 110. Мозамбик Республикасы 100 111. Молдова Республикасы 100 112. Монако   175 113. Моңғол Республикасы 100 114. Мьянма 100 115. Намибия Республикасы 100 116. Непал Корольдігі 100 117. Нигер Республикасы 120 118. Нигерия Федеративтік Республикасы 100 119. Нидерланды Корольдігі   165 120. Никарагуа Республикасы 100 121. Норвегия Корольдігі   250 122. Оман Сұлтандығы 120 123. Оңтүстік Африка Республикасы 100 124. Өзбекстан Республикасы 100 125. Палау аралы 100 126. Панама Республикасы 100 127. Папуа Жаңа Гвинея 100 128. Парагвай Республикасы 100 129. Пәкістан Ислам Республикасы 155 130. Перу Республикасы 140 131. Польша Республикасы   125 132. Португалия Республикасы   150 133. Пуэрто-Рико 100 134. Ресей Федерациясы 220 135. Руанда Республикасы 100 136. Румыния   130 137. Сальвадор Республикасы 100 138. Самоа 100 139. Сан-Марино Республикасы 180 140. Сан-Томе және Принсипи Демократиялық Республикасы 100 141. Сауд Арабиясы Корольдігі 130 142. Свазиленд Корольдігі 100 143. Сейшель аралдары 100 144. Сенегал Республикасы 100 145. Сент-Люсия 100 146. Сербия және Черногория   125 147. Сингапур Республикасы 200 148. Сирия Араб Республикасы 110 149. Словак Республикасы   125 150. Словения Республикасы   125 151. Соломон аралдары 100 152. Сомали Демократиялық Республикасы 100 153. Судан Демократиялық Республикасы 100 154. Суринам Республикасы 100 155. Сьерра Лион Республикасы 100 156. Таиланд Корольдігі 130 157. Тайвань 100 158. Тәжікстан Республикасы 100 159. Тоголез Республикасы 100 160. Тонго Корольдігі 100 161. Тринидад және Тобаго Республикасы 100 162. Тунис Республикасы 100 163. Түрік Республикасы 180 164. Түрікменстан 120 165. Уганда Республикасы 100 166. Уругвай Шығыс Республикасы 100 167. Украина Республикасы 120 168. Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігі   215 169. Үндістан Республикасы 150 170. Фиджи Егеменді Демократиялық Республикасы 100 171. Филиппин Республикасы 150 172. Финляндия Республикасы 200 173. Француз Республикасы   230 174. Хорватия Республикасы   125 175. Чад Республикасы 100 176. Чех Республикасы   125 177. Чили Республикасы 110 178. Швейцария Конфедерациясы 220 179. Швеция Корольдігі   200 180. Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасы 100 181. Шығанақтағы аумақтар 100 182. Шығыс Самоа 100 183. Эквадор Республикасы 110 184. Экваториалды Гвинея 100 185. Эстон Республикасы   125 186. Эфиопия Федеративтік Демократиялық Республикасы 120 187. Ямайка 120 Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 2-қосымша Нысан Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінім Кімге:_____________________________________________________________________________________ (экспортты дамыту және ілгерілету саласындағы Ұлттық даму институтының атауы) Кімнен: ____________________________________________________________________________________ (Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің ұйымдық-құқықтық нысанын көрсетілген толық атауы) Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ______________________________________________________ (анықтама/ куәлік №, кім және қашан берілген) Өндірістік персоналдың саны _________________________________ адам Қызмет түрі ___________________________________________________ Тел/факс: ______________________________________________________ 1. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне келтірілген шығындар: * 1) шетелдегі отандық өнімнің жарнамасымен өтеу байланысты шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында Теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: 2) шетелдік көрмелерге қатысу: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: 3) Каталог әзірлеу және басып шығару: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: 4) шетелде өкілдік, сауда нүктесін, ұстау: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: 5) шетелде тауар белгілерін және өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: 6) өнімдерді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ Жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. Барлығы: Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделетін жалпы сомасы: _____________________________________________________________ теңге (цифрмен және жазумен жазылған сомасы) 2. Өткізілетін өнім туралы мәліметтер: ЕАЭО СЭҚ ТН-ның 10 белгісі деңгейінде тауар позициясы көрсетілген өнім атауы: _____________________________________________________________________ 3. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 10тармағының талаптарына сәйкес құжаттар тізбесі: 1.______________________________________________________________ 2.______________________________________________________________ 3.______________________________________________________________ 4.______________________________________________________________ 5.______________________________________________________________ Уәкілетті тұлға: ___________________ Қолы __________________________ Өтінімді берген күні ___________________________ * Ескерту: Кестелерді толтыру кезінде шот-фактураға және орындалған жұмыстар актісіне сәйкес жұмсалған шығындардың әрбір сомасын бөлек көрсету керек. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 3-қосымша Нысан Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеуді алуға арналған өтінімнің түйіндемесі 1. Шығындардың бір бөлігін өтеуге өтінім берген ұйым туралы ақпарат: Ұйымдық-құқықтық нысаны көрсетілген ұйымның атауы ______________________________________________________________ Мемлекеттік тіркелген (қайта тіркелген) күні ____________________________________________________________ (анықтама/куәлік №, кім және қашан берген) Өндірістік персоналдың саны _______________________________ адам Қызмет түрі _________________________________________________ 2. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 10-тармағының талаптарына сәйкес құжаттар тізбесі 1.______________________________________________________________ 2.______________________________________________________________ 3. ____________________________________________________________ 3. Өтеуге мәлімделген шығындар: * 1) отандық өнімді шетелде жарнамалаумен байланысты шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: 2) шетелдік көрмелерге қатысу: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: 3) каталог әзірлеу және басып шығару: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: 4) шетелде өкілдік, сауда нүктесін ұстау: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: 5) шетелде тауар белгілерін және өнімдерді тіркеумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: 6) өнімдерді сертификаттаумен байланысты рәсімдерді өткізуге арналған шығындар: Шығындар атауы Шығындар жүргізілген келісімшарттың № Жабдықтаушыдан қызметтерді/ жұмыстарды қабылдау күні Шығындар сомасы төлем валютасында теңгемен (ҚР ҚҚС-сыз) 1 2 3 4 5 1. 2. ... Барлығы: Шығындардың бір бөлігін өтеуге мәлімделетін жалпы сома: ______________________________________________________________ теңге (цифрмен және жазумен жазылған сомасы) 4. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларының 6-тармағының талаптарына сәйкес өтелуге жататын (жатпайтын) сома. Өтелуге жататын сома ______________ теңгені құрайды Өтелуге жатпайтын сома _____________ теңгені құрайды 5. шығарылатын өнімнің немесе қызметтің СЭҚ ТН коды бойынша шығындардың өтелетін бір бөлігінің сомасы:______________ теңгені құрайды. 6. Шығындардың бір бөлігін өтеуге болжанатын жалпы сома: _____________________________________________________________ теңге (цифрмен және жазумен жазылған сомасы) Күні ____________________________ *Ескерту: шығындарды теңгемен қайта есептеу және жиынтық соманы есептеу үшін Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Өтінімдер қабылдау туралы хабарландыру шыққан күні қолданыста болған валюталар бағамы қабылданады. Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына 4-қосымша Нысан Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу туралы үлгілік келісім Астана қ. ___ жылғы _____ ______________ (жыл, күні, айы) ________________________________________________________________________________________ (Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу бөлігіндегі органның атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер) бұдан әрі «Уәкілетті орган» деп аталатын, ________________________________ ______________________________________________________________атынан (басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.А.) _______________________________________________негізінде әрекет ететін (Жарғы немесе Бұйрық) ___________________________________________________бір тараптан және (Қазақстан Республикасының заңды тұлғасының аты, шығындарының бір бөлігін өтеуді алушының атауы, мемлекеттік тіркеу туралы мәліметтер) бұдан әрі «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі» деп аталатын ____________________________________________________________________ (басшысының немесе оның міндетін атқаратын тұлғаның Т.А.А.) _________________________________________________негізінде әрекет ететін (Жарғы немесе сенімхат) бұдан әрі Тараптар деп аталатындар, Отандық өңделген тауарларды ілгерілету бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін өтеу қағидаларына (бұдан әрі – Қағидалар) сәйкес Уәкілетті органның _____ жылғы ____ _________ № ____ шешімінің (бұдан әрі – Уәкілетті органның шешімі) негізінде төмендегілер туралы осы Келісімді жасасты. 1. Негізгі ұғымдар 1. Осы келісімде пайдаланылатын негізгі ұғымдар: 1) Келісім – осы Келісімге, оған сәйкес Уәкілетті орган индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің отандық өңделген тауарларды ілгерілету кезінде олар шеккен шығындардың бір бөлігін индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің есеп шотына қаражаттарды аудару жолымен өтейді; 2) шығындардың бір бөлігін өтеу – отандық өңделген тауарларды ілгерілету кезінде индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шеккен шығындарының бір бөлігін өтеу Қағидаларға сәйкес көрсетілетін рәсім. 2. Келісімнің мәні 2. Осы Келісімнің мәні Уәкілетті органның индустриялық-инновациялық қызмет субъектісіне шығындардың бір бөлігін __ теңге сомасындағы өтеуі болып табылады. 3. Шығындардың бір бөлігін өтеу Уәкілетті органның (___ жылғы _______ № __) шешімі негізінде жүзеге асырылады. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері 4. Уәкілетті орган өзінің шешімі негізінде отандық өңделген тауарларды, қызметтерді ілгерілету индустриялық-инновациялық қызмет субъектісі бойынша шығындарының бір бөлігін өтеу үшін олардың шоттарына ақшалай қаражатты аударуды жүзеге асыруға міндетті. 5. Индустриялық-инновациялық қызмет субъектісінің: уәкілетті органның шешіміне сәйкес отандық өңделген тауарларды ілгерілетумен байланысты шығындардың бір бөлігін өтеуге; бас тарту және өтеу сомасын алған жағдайда, оны қайтару себебін көрсете отырып, өзінің шешімі туралы жазбаша хабарлау жолымен шығындардың бір бөлігін толық немесе ішінара өтеуге арналған қаражаттарды аударудан бас тартуға құқылы. 6. Уәкілетті орган өз құзыреті шегінде осы Келісімге қол қойғаннан кейін 10 жұмыс күнінен кешіктірмей индустриялық-инновациялық қызмет субъектілері шығындарының бір бөлігін осы Келісімде көрсетілген банктік деректемелері бойынша индустриялық-инновациялық қызмет субъектілеріне ақшалай қаражат аудару жолымен өтеуге міндеттенеді.