АҚМОЛА. 28 қаңтар. Ақмола облысы Бурабай ауданының орталығында «Ақ желкен» ойын-сауық орталығы ашылды. Бұл туралы Ақмола облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісіне хабарлады.
Жаңа нысан супермаркетпен, дәріханамен, дәмханамен және балалардың ойын-сауық орталығымен жабдықталған. Кәсіпорын 500 шаршы метр аумақты алып жатыр және кассалық, қоймалық ғимараттармен, бейнебақылау желісімен толық қамтылған.
Аталған нысан «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында пайдалануға беріліп отыр. Заманауи ойын қондырғыларымен жабдықталған орталық балаларды ата-аналарымен бірге, күн сайын қабылдайды. Орталық басшысы Біләл Сәкеновтің айтуынша, бұл жерде жеткіншектердің түрлі мерекелері ұйымдастырылады.
Жобаның жалпы құны – 35,7 млн. теңге. Орталықтың ашылу рәсіміне қатысқан Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин жаңа нысанның жұмысына сәттілік тіледі.
Бақберген Амалбек.
Дерек, сурет: egemen.kz.