• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Павлодарда ғалым 4 электронды оқулық шығарды

367 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. Павлодардағы педагогикалық институттың филология ғылымдарының докторы, профессор Зифа Темірғазинаның 4 электронды кітабы жарық көрді. Бұл туралы оқу орнының баспасөзі қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Зифа Темірғазинаның «Отандық және шетелдік лингвистикадағы заманауи теория», «Лингвистикалық аксиология: орыс тіліндегі бағалау пікірін айту», «Әлемнің орыс және қазақ картинадағы адамның сыртқы бейнесін лингвоэстетикалық бағалауы, әлемнің орыс құндылықты картинадағы адамның бейнесі» атты кітаптары Мәскеудің «Флинта» баспасынан жарық көрді. Бұл баспа кеңестік дәуірден жоғары оқу орындары үшін оқу құралдары мен оқулықтарды шығаруға мамандандырылған болатын. Айта кетейік, қазір ресейлік студенттер мен оқытушылар өз тәжірибелерінде профессор Зифа Темірғазинаның электронды кітаптарын қолдануда. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.