• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Еуропалық одақ Жапония компанияларына айыппұл салды

296 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 қаңтар. Еуропалық одақтың монополияға қарсы комиссиясы Жапонияның Mitsubishi Electric (Melco) және Hitachi компанияларына автобөлшектер жөніндегі картельді келісімдері үшін 138 миллион еуро көлемінде айыппұл салды. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Соманың 111 миллион еуроға жуығын Melco компаниясы төлейтін болса, қалған 27 миллион еуро Hitachi корпорациясының мойнында. Бұл келісімнің ішінде Жапонияның тағы бір компаниясы Denso да бар болатын. Алайда заңсыз әрекеттерді алғаш болып хабарлағаны үшін айыппұл төлеуден босатылды. Мәлімет бойынша, соңғы бес жыл ішінде аталған компаниялар автомобиль генераторы мен оталдырғышына байланысты баға көлемін өзара келісіп белгілеген. Сондай-ақ, осы уақытқа дейінгі тұтынушыларын бір-біріне сілтеп келген. «Егер де еуропалық, сондай-ақ, өзге де аймақтың тұтынушылары, осыған байланысты қолайсыздық көрген болса, Еурокомиссия арнайы тергеу жұмыстарын жүргізеді», – дейді еурокомиссар Маргрет Вестагер. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: teknoblog.ru.