• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Ақтөбеде ақпараттық-өндірістік орталық филиалы ашылды

381 рет
көрсетілді

АҚТӨБЕ. 28 қаңтар. Ақтөбе қаласында Ішкі істер министрлігі «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалы ашылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Бұған дейін аталған кәсіпорынның филиалдары Алматы мен Шымкент қалаларында ғана ашылған еді. Бұл Астанадағы бас кәсіпорынның үшінші филиалы болып табылады. Ашылу салтанатына облыс әкімі Бердібек Сапарбаев қатысып, құттықтау сөз арнады. Өңір басшысы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа қызмет көрсетуді жақсартуға және қолжетімділігін қамтамасыз етуге баса назар аударып келе жатқанын атап өтті. Мұнда жеке басты куәландыратын құжаттар – азаматтардың төлқұжаты мен куәліктері шығарылады және дайындалады. Бұрындары бұл құжаттарды алуға бір айға жуық уақыт кететін болса, енді бұл мерзім анағұрлым қысқарады. Сонымен қатар, әзірге Ақтөбеден басқа, Атырау, Маңғыстау және Батыс Қазақстан облыстарына да осы бағыттағы қызметтерді көрсетеді. Кейін Қостанай облысына да осындай қызмет қөрсететін болады. Филиал ғимаратын облыстық әкімдік бөлген. Оған күрделі жөндеу жүргізіліп, төлқұжат пен жеке куәліктерді басып шығаратын Германияның озық заманауи технологиялық қондырғысы орнатылған. Мұның барлығына Ішкі істер министрлігінің «Ақпараттық-өндірістік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны 800 миллион теңге жұмсаған. Филиалда жаңадан 40 жұмыс орны ашылды. Сатыбалды Сәуірбай. Дерек, сурет: egemen.kz.