• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Австралиядағы алапат өрт әлі сөндірілмеді

624 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 қаңтар. Австралияның солтүстігіндегі Тасмания аралында орман өртену үстінде. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Австралиядағы алты штаттың бірі саналатын аймақтағы орманның кем дегенде 150 шаршы километрі өртенген. Осының салдарынан таяу маңайда орналасқан Темма ауданындағы жергілікті халық пен фермерлік шаруашылыққа зиянын тигізеді деген қауіп бар. Әзірге ешкім қауіпсіз аймаққа көшірілмеді. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жайлы ақпарат әзірге келіп түскен жоқ. Басшылық құрғақ желдің әсерінен алапат өртті сөндіре алмай отырғандарын мәлімдеді. Мамандар апатты жағдай әлі бірнеше күн жалғасады деген болжам жасады. Жергілікті өрт сөндірушілерге өзге де штаттың бригадалары көмекке келді. Аян Әбдуәли. Дерек: ТАСС. Сурет: m.newsru.com.