• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Алматыда Оңтүстіктің әртістері «Қыз Жібек» операсын сахналады

286 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 28 қаңтар. Оңтүстік Қазақстан облысының опера және балет театрының әртістері Алматыға Абай атындағы опера және балет театрымен тәжірибе алмасу мақсатында барып қайтты. Бұл туралы ОҚО мәдениет басқармасынан алынған ақпар бойынша egemen.kz тілшісі хабарлады. Оңтүстік өрендері Е.Брусиловскийдің «Қыз Жібек» операсын сахналады. Алматы сахнасында сөз зергері Ғабит Мүсіреповтің либреттасы бойынша дайындалған қойылымда басты рольдерді Оңтүстіктің талантты әртістері Ерлан Жандарбай мен Үрила Сейілбекова орындады. Шымкентте қазақтың төрт ірі тұлғасының қатысуымен жазылған «Абай» либреттасын сахналағанда әкелі балалы Асқар, Алан Бөрібаевтар ыстық ықыластарын білдіріп еді. Бұл жолы да Оңтүстік өнерпаздарына жақсы ілтипат білдірілді. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz