• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Солтүстік Қазақстанда сот төрағасы қызметтен кетті

257 рет
көрсетілді

ПЕТРОПАВЛ. 28 қаңтар. Солтүстік Қазақстан облыстық мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы Андрей Дигант өз еркімен қызметтен кетті. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Сот төрағасының қызметтен босату туралы өтініш жазуына Қапшағайдағы казинолардың бірінде отырғаны жайлы түсірілген бейнежазба негіз болған. Облыстық соттың өзіндік қауіпсіздік қызметі ойынқұмар судьяға қатысты тексеру жүргізіп, фактіні растаған. Оның бұл әрекеті судьялардың әдеп кодексіне кереғар деген шешім шығарылып, өз арызымен кетуге мәжбүр болған. Андрей Дигант мамандандырылған ауданаралық экономикалық соттың төрағасы болып бір жыл бұрын тағайындалған. Оған дейін Ақмола облыстық сотында қызмет еткен. Өмір Есқали. Дерек: egemen.kz. Сурет: sud.gov.kz.