• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Павлодарда «ҚазАгро» ұлттық холдингі жиын өткізді

204 рет
көрсетілді

ПАВЛОДАР. 28 қаңтар. Жиында алдағы көктемгі - егістік жұмыстарын қаржыландыру мәселелері, облыстың аграрлық шаруашылықтарын кооперацияларға біріктіру талқыланды. Бұл жайында «ҚазАгро»холдингі» акционерлік қоғамының бұқарамен байланыс департаментіне сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады. Биылғы жылдың көктемгі - егіс жұмыстарына «ҚазАгро» ұлттық холдингі 60 млрд.теңге бюджеттік несие қаражатын бағыттауды жоспарлауда. Қазір ауылшаруашылық тауар өндірушілері қаржы алудың қиындықтарына кездесуде. Шаруашылықтарды біріктіру арқылы- шаруалар бірігіп несие қаражатын алады. «ҚазАгро» бірнеше тәсілдерін әзірлеген. Бұл жоба Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында өткен жылы іске асқан. Кооперациялардың пилоттық жобасына облыстың шаруашылықтары да қызығушылық танытуда. Павлодар аграрларының делегациясы Ақмола облысы кооперативтерінің - «Аймақтық Астық Холдингі» серіктестігі мүшелерінің қорытынды кеңесінің жұмысына қатысты. Холдинг облыстағы ауыл шарушылық өндірушілерін қолдауға 11,7 млрд.теңге бөлді. «ҚазАгроның» инвестициялық жобасында облысы бойынша жалпы құны 18,9 млрд.теңгенің 46 жобасы бар. Оның ішіндегі 17 млрд.теңгенің 38 жобасы пайдалануға берілді. Өткен жылы 7,8 млрд. теңгенің 10 жобасы іске қосылды. Фарида Бықай. Дерек, сурет: egemen.kz.