• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Футболдан Қазақстан құрамасы Грузия және Қырғызстанмен кездеседі

344 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 қаңтар. Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы 26 наурыз күні Түркияның Анталия қаласында Әзербайжан командасымен жолдастық матч өткізгеннен кейін Грузия және Қырғызстан құрамаларымен кездеседі. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. 29 наурызда Қазақстан құрамасы Тбилисиде Грузияның ұлттық құрама командасымен, ал 30 тамыз күні сырт алаңда Қырғызстан құрамасымен ойнайды. Қазақстан құрамасы Грузия футболшыларымен 2006 жылғы әлем чемпионатының іріктеу турнирінде бір топқа түскен еді. Сол кезде Алматыда Қазақстан командасы Грузиядан 2:1 есебімен жеңілсе, Тбилисидегі кездесу 0:0 есебімен аяқталды. Екі ел арасындағы соңғы матч 2013 жылдың 14 тамызында «Астана Арена» стадионында өтті. Бұл жолы кездесу отандастарымыздың пайдасына шешілді. Кездесуде Қазақстан құрамасы  қарсыластарын 1:0 есебімен жеңді. Ал, елімізідң бас командасы Қырғызстанмен 7 жолдастық кездесу өткізіп, соның бесеуінде жеңіске жетті. Екі ойын тең есеппен аяқталды. Екі елдің құрамалары арасында соңғы матчта Қазақстан құрамасы Қырғызстанды 7:1 есебімен ұтты. Кездесу 2014 жылдың 5 қыркүйегінде «Астана Арена» стадионында өтті. Дастан Кенжалин. Дерек, сурет: Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.