• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Австралиялық террорлық әрекетке кенгуруді пайдаланбақ болды

307 рет
көрсетілді

АСТАНА. 28 қаңтар. Австралияда «Ислам мемлекеті» лаңкестік ұйымының мүшесі кенгуруді пайдаланып террорлық әрекет жасамақ болған. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Өткен жылы лаңкестік әрекет жасамақ болды деген айыппен тұтқындалған 19 жастағы австралиялық Севдет Рамадан Бесим Мельбурн соты алдында жауап беруде. Оған төрт бірдей бап бойынша, оның ішінде полиция қызметкерін өлтіріп, басын шауып тастамақ болған деген айып тағылған. Сот кезінде айыптаушы тарап іске қатысты тағы бір қызықты жайтты хабарлады. Құқық қорғау органдарының материалдарына қарағанда, күдікті лаңкестікті қолдайтын жақтастарымен интернетте лаңкестік әрекет кезінде кенгуруді пайдалану туралы жоспарды талқылаған. Ол кенгурудің ішіне жарылғыш затты байлап қойып, аң терісіне «Ислам мемлекеті» лаңкестік тобының белгісін салып қоймақ болған. Осылайша күдікті аңды полиция қызметкерлерінің жанына қоя беріп, жарып жібергісі келген. Севдет Рамадан Бесим бұл қылмысты лаңкестік ұйым насихатының әсеріне еріп жоспарлаған деген жорамал да бар. Себебі, бұл топқа ислам оқуларын діни тұрғыдан түсіндіру тән болып келеді. Тағылған айыптарға жауап бере отырып сотталушы өзін кінәсіз деп санайтынын мәлімдеген. Естеріңізге сала кетейік, Севдет Рамадан Бесим өткен жылы 18 сәуірде Мельбурннің оңтүстігінде полиция қызметкерлері өткізген лаңкестікке қарсы іс-шара кезінде тұтқындалған болатын. Ол кезде бес адам күдікке ілінген. Құқық қорғау органдарының деректеріне сәйкес, оның екеуі Австралияда 25 сәуір күні соғыс пен әскери қақтығыстар кезінде қаза болған ардагерлердің құрметіне орай өтетін австралиялық-жаңазеландиялық әскери корпусы күні лаңкестік әрекет жасамақ болған. Еламан Қоңыр. Дерек: ТАСС. Сурет: AP Photo.