Парламент Сенаты Халықаралық қатынастар, қорғаныс және қауіпсіздік комитетінің төрағасы Икрам Адырбеков Қытай Коммунистік партиясы Орталық комитетінің делегациясымен кездесті, деп хабарлады Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының баспасөз қызметі.
ҚХР Мемлекеттік кеңесі жанындағы Даму мәселелерін зерттеу жөніндегі орталық басшысының орынбасары Лун Гоцянды қарсы алған сенатор Қазақстанның сыртқы саясатындағы маңызды басымдықтардың бірі – Қытаймен тату көршілік қатынастар қалыптастыру екенін атап өтті.
Лун Гоцян сенаторды Қытайдың ішкі саяси өмірі мен экономикалық саясатының маңызды мәселелері туралы хабардар етті.
Кездесуге, сонымен қатар, сенаторлар Михаил Бортник пен Елеусін Сағындықов қатысты.