• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Ойыны осылған

352 рет
көрсетілді

судья қызметінен өз еркімен кетуге мәжбүр болды Облыстық мамандан­ды­рылған ауданаралық эконо­микалық соттың төрағасы Ан­дрей Дигант өз еркімен қыз­мет­тен кетуге мәжбүр болды. Оның қызметтен босату туралы өтініш жазуына Қап­ша­ғайдағы казинолардың бірінде отырғаны жайлы түсірілген бейнежазба негіз болған. Облыстық сот­­тың өзіндік қауіпсіздік қыз­меті ойынқұмар судьяға қа­тыс­ты тексеру жүргізіп, факт расталды. Төрағаның бұл әрекеті судьяның әдеп ко­дексі­не кереғар деген шешім шы­ғарылып, өз арызымен босауға итер­мелеген. А.Дигант маманданды­рыл­ған ауданаралық эконо­мика­лық соттың төрағасы болып бір жыл бұрын тағайын­далған. Оған дейін Ақмола об­лыстық сотында қызмет еткен. Ойыны осылған судьяның жұмыс күні Қапшағай қаласына жол тартуына қарағанда, жұ­мыс­­тан әбден мезі болған сы­ңайлы. Бақыт РАМАЗАН, журналист. Солтүстік Қазақстан облысы.