• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
29 Қаңтар, 2016

Ата-анаға – айыппұл немесе әкімшілік қамақ

1229 рет
көрсетілді

Астана қаласы Кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданарлық соты темекі өнімін кәмелетке толмағандарға сату фактісі бойынша әкімшілік іс қаралып, сот талқылауына қатысқан жасөспірімдерге темекі өнімдерін сатудың құқықтық жауапкершілігі жөнінде түсіндіру кеңесі өткізілді. Он сегiз жасқа толмаған жас­тарға темекiнi және темекi бұйым­дарын сатқан жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кә­сіпкерлік субъектілеріне – алпыс, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне сексен айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салы­на­ды. Егер әкiмшiлiк жаза қол­данылғаннан кейiн бiр жыл iшiн­де қайталап жасалған әрекет – қызметті немесе жекелеген қызмет түрлерін тоқтата тұрып, жеке тұлғаларға – қырық, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – алпыс, орта кәсіпкерлік субъек­тілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъек­тілеріне бір жүз алпыс айлық есептiк көрсеткiш мөлше­рiнде айыппұл салуға әкеп соғады. Жиында Кәмелетке толма­ғандар істері жөніндегі мамандан­дырылған ауданарлық сотының судьясы Жанаргүл Алпысбаева жасөспірімдерге саламатты өмір салтын насихаттап, дене тәрбие­сімен айналысу, дұрыс тамақтану, есірткіден, темекіден, алкогольды ішімдіктерден аулақ болу қажеттігін айтты. – Өскелең жас ұрпақты теріс әдеттерден сақтандыру бүгінде өзекті мәселеге айналып отыр. Есірткі, ішімдік, темекі сияқты зиян­ды әдеттерден тыйыла алмай жүрген жастарды мұндай жат қылықтардан арылтып, жаңа жолға салу біздің борышымыз. Күнделікті өмірде орын алып жүрген үлкенді-кішілі қылмыстардың дені осы ішімдік пен есірткінің салдарынан болатынын біз жақсы білеміз. Ұл-қыз тәрбиелеп отырған ата-ана, әрине, ұрпағым жаман болсын демейді. Өсіреді, оқытады, жақсы жолға салады. Дегенмен, соны түсінбей, өсе келе арақ пен есірткінің құлы болып жүретіндер аз емес. Мұндай жастар ата-анасының тапқан-таян­ғанын шашып қана қоймайды, көп кешікпей өздері де айығуы қиын дертке ұшырайды. Осының кесірінен өзін өмірге әкеліп, өсіріп, тәлім-тәрбие берген ата-анасын Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңымен жауапкершілікке тартылуына итермелейді. Заң ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң балаларды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамауы заңда әкімшілік жауапкершілікке әкеп соқтырады, – деді судья Жанаргүл Алпысбаева. Ата-ананың немесе басқа да заңды өкiлдердiң кәмелетке тол­маған балаларды тәрбиелеу мен оқыту жөнiндегi мiндеттердi орындамауы үшін – 7 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салынады. Егер әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған әрекетті – 20 айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға, не 15 тәулікке дейін әкімшілік қамаққа алу күтіп тұрады. Ал, кәмелетке толмаған адамды әкiмшiлiк құқық бұзушылық жасауға тарту үшін 100 АЕК мөлшерiнде айыппұл салу жазасы қолданылады. Назар ҚАСЫМ.