Жекешелендірудің екінші толқыны аясында 2014-2015 жылдары «ҚазАгро» холдингінің еншілес компаниясы – «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ он бес шағын несие ұйымының жарғылық капиталындағы өз үлестерін сатты.
Аталмыш шешім «2014-2016 жылдарға арналған жекешелендірудің кешенді жоспарын бекіту туралы» Үкімет қаулысын орындау мақсатында жүзеге асырылған. Бұл құжат бойынша өткен жылы қордың 7 шағын несие ұйымындағы үлесі сатылды. Олар: «АйыртауҚаржыСолтүстік» ШНҰ, «Түлкібас-Агро» ШНҰ, «Шаруа-Қаржы» ШНҰ, «Теректа-Финанс» ШНҰ, «Махамбет» ШНҰ, «Жаңатас-Несие» ШҚҰ, «Жігер-Есіл» ШНҰ ЖШС.
Қордың өкілетті органы тағы үш шағын несие ұйымындағы қатысу үлестерін сату туралы шешім қабылдады. Қазір «МұзТауНесие» ШНҰ, «Ескелді» ШНҰ, «Энергия» ШНҰ ЖШС бойынша сауда-саттықтар өткізілуде.
Естеріңізге сала кетейік, 2007-2008 жылдары ауыл тұрғындарының несиелік ресурстарға қолжетімділігін арттыру мақсатымен Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының қатысуымен 51 шағын несие ұйымынан жүйе құрылды. Аталмыш ШНҰ ауыл тұрғындарын қаржыландырып, Қазақстанның 100 ауданын қамтыды. Бүгінгі таңда олардың 29-ы сатылып, шағын несие нарығында дербес қызмет етуде.
Анықтама үшін: «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіретін мамандандырылған қаржы-несиелік ұйымы болып табылады.
2007 жылдан бастап «ҚазАгро» ұлттық басқарушы холдингі» АҚ құрамына кіреді. Қордың миссиясы – ауылдық кәсіпкерлікті дамыту, ауылды жерлерде тиімді шағын несиелеу жүйесін дамыту арқылы халықтың хал-ауқатын арттыру.
«Егемен-ақпарат».