• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қостанайда балалар ауруы өршіп тұр

373 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Облыста көп жылдардан кейін балалардың көк жөтел, кенеден улануы, тіпті құтыру ауруымен ауырғандығы тіркелген. Облыстық тұтынушылар құқын қорғау департаментінің директоры Владимир Ничетайло облыстық денсаулық сақтау басқармасында 2015 жылды қорытындылаған алқа мәжілісінде бірнеше мысал келтірген. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Жітіқара ауданында бала көкжөтелмен ауырған, ол бұрын бұл ауруға қарсы егілмеген екен. Мамандар тексере келгенде жұқпалы дерттің ошағы сол үйдегі 2005 жылы туған бала болған. Ол да уақытысында ем алмаған. Сонымен қатар облыста менингококтық жұқпалы ауруға үш бүлдіршін шалдыққан. Оның біріншісінде бір жасар бала қайтыс болды. Үш жағдайда да осы жұқпалы қауіпті дерттің диагнозы клиникалық тәсілде қойылған, лабораториялық тексерілмеген. Ал Арқалық қаласында 4 жасар бала құтырудан қайтыс болды. Тексере келгенде Арқалық ауруханасының профилактикалық жұмыстарды ұйымдастырудағы кемшіліктері анықталды. Құтырған ит тістеген балаға ауруға қарсы ем жасалмаған. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.