• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Қостанайда қоғамдық көліктер жасаған жол апаты артуда

209 рет
көрсетілді

ҚОСТАНАЙ. 28 қаңтар. Қостанай облысында өткен жылы жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктердің қатысуымен болған жол-көлік оқиғалары 10 пайызға көбейген. Осы жол апаттары 6 жолаушының өліміне себеп болған. Облыстық прокуратураның үйлестіру кеңесінде осындай ақпарат айтылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Үйлестіру кеңесінде облыс көлемінде жалпы жол-көлік оқиғаларының 2014 жылға қарағанда 2015 жылы 15,9 пайызға азайып, одан зардап шеккендер саны 17,4 пайызға, қаза тапқандар 17.9 кемігендігі айтылды. Алайда жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көліктер қатысқан жол апаты көбейген. Оған бірнеше себеп айтылды. Әсіресе автобус жүргізушілерінің жауапсыздығы мен кәсіби машығының төмендігі баса айтылды. Өткен жылы  прокуратура тексерісінің барысында автобустар мен шағын автобустардың 220 жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 155-і екі рет, 60 жүргізушінің жауапсыздығы мен тіртіпсіздігі бір емес, бірнеше рет тіркелген. Қостанай облысы бойынша тексерілген жүргізушілердің 35 пайызының ішімдік ішкені немесе психотроптық заттар қабылдағаны анықталады. Жол апатына байланысты Қостанай қаласында 1264 жүргізушіні медициналық тексеруден өткізгенде оның 71-інің ішімдік ішкені, 5 адамның  есірткі пайдаланғаны анықталған. Үйлестіру кеңесінің мүшелері көлік жүргізуге оқығандарға талапты күшейту керектігін айтты. Нәзира Жәрімбетова. Дерек, сурет: egemen.kz.