• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
24 Қаңтар, 2016

Баскетбол. «Астана» Эстонияда жергілікті «Калевтен» басым түсті

306 рет
көрсетілді

АСТАНА. 24 қаңтар. Бүгін ВТБ Бірыңғай лигасы шеңберінде «Астана» баскетбол командасы сырт алаңда Эстонияның «Калевімен» сынға түсті. Нәтижесінде елордалықтар 86:80 есебімен жеңіске жетті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады. Эстония астанасы – Таллин қаласында өткен кездесудің бірінші кезеңі «Астананың» пайдасына 24:21 есебімен аяқталды. Екінші кезеңде де біздің команда басым болды (23:17). Есесіне, үшінші онминуттықта «Калев» ойыншылары ширақтық танытып, 25:18 есебімен жеңіске жетті. Алайда, төртінші бөлікте тағы да астаналықтардың мерейі үстем болды (21:17). Осылайша, жалпы нәтижеде жеңіске жеткен Рамунас Бутаутастың шәкірттері турнир кестесіндегі жағдайын айтарлықтай жақсартып алды. Бүгінде «Астана» 9-орында тұр. Баскетболшыларымыз келесі кездесуін 1 ақпанда өз алаңында Краснодардың «Локомотив-Кубань» командасымен өткізеді. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: bcastana.kz.