• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
28 Қаңтар, 2016

Ақтауда көшенің қақ ортасында ер адам әйелді тепкілеп тастады

284 рет
көрсетілді

АҚТАУ. 28 қаңтар. Ақтауда белгісіз әйелге шабуыл жасаған ер адам оны тепкілеп сабады. Бұл туралы nur.kz сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Оқиға бұдан бірнеше күн бұрын Ақтау қаласының 27-шағын ауданында орналасқан «Малика» балабақшасының маңында болған. Ер адам өзін танымайтын әйелге күтпеген жерден шабуыл жасап, оны шашынан сүйреп, сабаған. Соққы салдарынан келіншек жерге құлаған соң, ер адам оны тепкінің астына алған. Ауыр соққыдан жарақат алған 39 жастағы келіншек ауруханаға жеткізілді. Тәртіп сақшылары оқиғаның ізін суытпай, күдіктіні қолға түсірді. Ол Ақтау қаласындағы 15-шағын ауданның 39 жастағы тұрғыны екен және оның баласы «Малика» балабақшасында тәрбиеленетіні белгілі болды. Әзірге жігіттің әйелді не үшін сабағаны белгісіз. Қазіргі таңда соталды тергеу жұмыстары жүргізілуде. Гүлайым Шынтемірқызы. Дерек: nur.kz. Сурет: mhealth.ru.