• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
30 Қаңтар, 2016

Анасын балағаттаған ұл

481 рет
көрсетілді

100 сағатқа қоғамдық жұмысқа тартылды Еліміздегі шағын қаланың бірі – Құлсарыда тұратын соқ­талдай жігіт басқа емес, өзін 9 ай құрсағында кө­теріп, аялаған анасына тіл тигізіпті. Ол үйіне арақ ішіп келіп, мас күйінде анасын еш себепсіз боқтап-бала­ғаттап, сүйрелеумен шектел­мей, бетінен теуіп, соққы да жаса­ған. Әрине, баласынан боқтық сөз естіп, соққы жеу ана үшін оңай емес қой. Ақ жаулықты ана қорғану мақ­­сатында бетін алақанымен жауып қалған. Осыдан кейін бауыр еті – баласының өрескел әрекетінен әбден көңілі қалып, жүрегіне қаяу түс­кен ана сотқа жүгінеді. Өйткені, ана­сының сотта мәлім еткеніндей, ба­ласы күн сайын үйіне арақ ішіп келеді екен. Сөйтіп, өзі өсіп-өнген ша­ңы­рағының шырқын бұзып, бере­кесін кетіретін баласын жазалауды өтінеді. Рас, сот отырысында кінәлі жігіт өз кінәсін толық мойындады. «Баламның табанына кірген шөң­ге маңдайыма қадалсын» деп, есейсе де мейірімін аямайтын анасынан кешірім сұрады. Тарап­тардың уәждерін тыңдаған Жылыой аудан­­дық соты кінәліні Қыл­мыс­­тық кодекстің 108-бабымен айып­ты деп танып, 100 сағатқа қо­­­ғамдық жұмысқа тарту жөнінде үкім шығарды. Бұл өзге есер­соқ­тарға сабақ болса, қане! Жолдасбек ШӨПЕҒҰЛ, «Егемен Қазақстан». Атырау облысы.