АСТАНА. 30 қаңтар. Сауд Арабиясының шығысындағы Эш-Шаркия аймағында орналасқан мешіттердің бірінде жарылыс болып, 4 адам қаза тапты. Бұлы туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Лаңкестер ұйымдастырған жарылыстан тағы 18 адам түрлі жарақат алып, жақын маңайдағы ауруханаларға жеткізілді. Жергілікті тілшілер алғашында 2 адамның қаза тауып, 7 тұрғынның жарақат алғанын хабарлаған болатын.
Тәртіп сақшылары жұма намаз кезінде мешітке кіре берісте екі содырдың жарылыс ұйымдастырып, артынан атыса кеткендерін мәлімдеді.
«Олардың бірі құлшылық үйіне кіре берісте өзін өзі жарып жіберді. Ал қасындағы серігі мешіт күзетшілерімен атыса кетті. Абырой болғанда олар лаңкестік әрекетке барған адамды жаралы күйінде қолға түсіре білді. Тергеу кезінде үстінде жарылғыш заттар орналасқан белбеуі тәркіленді», – дейді жергілікті министрлік.
Аян Әбдуәли.
Дерек: interfax.ru.
Сурет: en.trend.az.