• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
31 Қаңтар, 2016

Ресейде тігін цехында болған өрттен 12 адам қаза тапты

346 рет
көрсетілді

АСТАНА. 31 қаңтар. Ресей астанасы Мәскеу қаласында тігін цехынан шыққан өрттен 12 адам қаза тапты. Бұл туралы interfax.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Мәскеу қаласының Стромынка көшесінде 31 қаңтарға қараған түні тігін цехынан өрт шығып, 3 мың шаршы метрді жалмап өтті. Алғашында 8 адамның мерт болғаны хабарланғанымен, кейінірек бұл көрсеткіш 11 адамға жетті. Өрт сөндірушілер жергілікті уақыт бойынша, сағат 00:55-те тілсіз жаудың бетін қайтарды. Тергеу комитетінің қызметкері Юлия Иванованың айтуынша, алапат өрттің себебі әзірге анықталу үстінде. Сондай-қ, бұл істің белгісіз біреулер қолымен қасақана жасалған деген болжамдарын жоққа шығармады. Аян Әбдуәли. Дерек: interfax.ru. Сурет: ria.ru.