• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Оңтүстік Қазақстан облысында лицензиялауға өзгеріс енгізілді

238 рет
көрсетілді

ШЫМКЕНТ. 10 ақпан. Оңтүстік Қазақстан облысында лицензиялауға өзгеріс енгізілді. Бұл туралы облыстық сәулет-құрылыс бақылау басқармасының мәліметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Енді жаңа өзерістерге сәйкес лицензиаттар мен лицензия алуға өтініш берушілердің құрамында аттестатталған инженер-техник жұмыскер мен қызметкердің аттестаты туралы мәлімет көрсетілуі тиіс. Жобалау және құрылыс салу процесіне қатысушы инженер-техник жұмыскерлерді аттестаттау жөніндегі мемлекеттік емес аттестаттау орталықтарын аккредиттеу уәкілетті орган –Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті тарапынан жүзеге асырылады. Мемлекеттік емес аттестаттау орталықтары, аттестаттауды инженерлік-техникалық жұмыскерлердің кәсіби дайындық деңгейі мен құзыреттілігін, сәулет, қала құрылысы мен құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтерді білуін анықтау, олар жүзеге асыратын жұмыстардың сапасын жақсарту, құрылыс саласында болып жатқан өзгерістерді ескеріп, жаңа талаптарды зерттеу мақсатында жүргізеді. Бақтияр Тайжан. Дерек, сурет: egemen.kz