• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
10 Ақпан, 2016

Білім және ғылым министрі тағайындалды

321 рет
көрсетілді

АСТАНА. 10 ақпан. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен Ерлан Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жарлық мәтінінде: «Ерлан Кенжеғалиұлы Сағадиев Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі болып тағайындалсын», – делінген. Ерлан Сағадиев 1966 жылы 1 ақпанда туған. 1990 жылы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін экономика мамандығы бойынша бітірген. Сондай-ақ, 1993 жылы АҚШ-тың Миннесота штатындағы университетті қолданбалы экономика мамандығы бойынша бітірді. Ғылыми дәрежесі – магистр. Ерлан Кенжеғалиұлы қызмет жолын 1990 жылы бастады. Содан бері әртүрлі лауазымда қызмет атқарды. Олардың қатарында премьер-министрдің кеңесшісі (2012-2013), Индустрия және жаңа технологиялар вице-министрі (2014-2015) сынды лауазымдар бар. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: kapital.kz.