• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

«Болашақ» ойын-сауық, сауда орталығы шақырады

680 рет
көрсетілді

Бұл күндері онда 150 сауда нүктелері жұмыс жасап, 500-ге жуық жұмыс орны ашылған. Екібастұздағы «Болашақ» компаниялар тобының же­текшісі Мирон Исановтың айтуынша, қаладағы ойын-сауық-сауда орталығының құрылысына 2,67 млрд. тең­ге көле­мінде инвестиция тар­­тылыпты. Жарқыраған ғажайып «Болашақ+» кешені 4 қабаттан тұрады. Жалпы аумағы – 19607,4 шаршы метр. Кешен­нің 3-қабатында сауда-саттық, қызмет көр­сету орындары бар. Төртінші қабат балалардың демалыс, ойын алаңдарына арналған. Ойын алаңындағы автоматтар мен аттракцион­дар Германия, АҚШ, Ұлыбритания, Италиядан әкелініпті. Бұл жерде асхана, мейрамхана ашыл­ған. Және де 5D және 6D пішімдегі екі кинотеатр бар. Олар бір сәтте 90-нан астам адамды қабылдай алады. – Қала тұрғындары «Бо­ла­шаққа» тек қана зат сатып алу үшін емес, отба­сымен демалу үшін ке­леді. Жарқыраған орта­лықтың құры­лыс жұмыс­тарын жер­гілікті «Сталь­­монтаж» компания­сы жүргізді. Өйт­кені, «Бола­шақ+» сәулеті, ар­хи­тек­туралық көркемдігі жа­ғынан Екібас­тұздағы ерек­ше нысандардың бі­ріне айналды. Алдағы уа­қытта орталықтың бірінші қа­батында субұрқақ ор­на­тылады. Сондай-ақ, екі­бас­тұздықтар үшін аквапарк салуды жоспарлап отырмыз, – дейді компания басшысы Мирон Исанов. Фарида БЫҚАЙ, «Егемен Қазақстан». ЕКІБАСТҰЗ. ––––––––––––– Суреттерді түсірген Валерий БУГАЕВ.