• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Қалалық сайлау комиссиясының есебі тыңдалды

339 рет
көрсетілді

Кеше Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының отырысы өтті. Онда бірқатар облыстық сайлау комиссияларының мүшелері тағайындалды. «Сайлау туралы» Заңның 19-бабы 6-тармағының екінші бө­ліміне және 8-тармағына сәйкес Ортсайлауком сайлау заңна­масында белгіленген тәртіппен сайланғанға дейін, Алматы облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Т.Е. Дәуітовті, Аты­рау облыстық сайлау комис­сиясының мүшесі етіп Ғ.Ш. Қа­натовты, Қарағанды облыс­тық сайлау комиссиясының мүше­сі етіп А.Г.Степаненконы, Қоста­най облыстық сайлау комиссия­сының мүшесі етіп Г.А. Гера­симовты, Павлодар облыстық сайлау комиссиясының мүшесі етіп Н.П. Чудовскийді, Оңтүстік Қазақстан облыстық сайлау ко­мис­­сиясының мүшесі етіп Ә.М.Әлі­шевті тағайындады. Сондай-ақ, Ортсайлауком отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және мәслихаттарының депутаттарын сайлауға дайындық барысы туралы Астана қалалық сайлау ко­мис­сиясының есебі тың­далды. Астана қалалық сайлау комиссиясының төрағасы И.Жалбыров Ортсай­лауком мүшелерін қалада қала­лық мәслихат депутаттарын сайлау бойынша 25 сайлау ок­ругі, 278 сайлау учаскесі құрыл­ғаны, олардың 213-і қала аума­ғында және 65-і Қазақстан Респуб­ликасының шетелдегі өкілдік­терінің жанында орналасқаны туралы мәлімдеді. Астана қаласы бойынша сайлауды ұйымдастыруды және өткізуді жалпы саны 2149 мүшесі бар 307 сайлау комиссиясы, олардың ішінде 4 аумақтық, 25 округтік және 278 учаскелік ко­мис­сиясы жүзеге асырады. Қала­лық сайлау комиссиясы сайлау комиссияларын оқытуды ұйым­дастыруға ерекше көңіл бөледі, ол үшін семинар, тренинг, кең­естер өткізуден бастап қажетті сайлау құжаттарымен және әдіс­темелік құралдармен қамтамасыз етуге дейін түрлі нысандарды қол­дануда. Қазіргі уақытта қалалық мәс­лихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тіркеу жүр­гізілуде. 2016 жылғы 9 ақпандағы жағдай бойынша 25 сайлау учаскесінде 27 кандидат (18 ер адам және 9 әйел адам) ұсынылды. Олардың 26-сының жоғары білімі бар. Округтік сайлау комиссиялары ұсынылған кандидаттардың Конституцияда және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңында белгіленген талаптарға сәйкестігін тексеру бойынша қажетті жұмыстар жүргізуде, кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарын тіркеуді жүзеге асыруда. Қазіргі уақытта үш кандидат тіркелді. Сайлауалды үгітті жүргізуге қатысты шаралар уақтылы қабыл­дануда. Қалалық сайлау комиссиясымен келісім бойынша пар­тиялық тізімін ұсынған саяси партиялар үшін, сондай-ақ, қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар үшін үгіттік баспа материалдарын орналастыру орындары анықталды. Саяси партиялардың және кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер өткізуі үшін, шарттық негізде ұсынылған үй-жайлар тізбесі бекітілді. Әлисұлтан ҚҰЛАНБАЙ, «Егемен Қазақстан». Суретті түсірген Ерлан ОМАРОВ.