• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

7-ші қабаттан құлаған жеткіншек аман қалды

249 рет
көрсетілді

Мәскеудегі көп қабатты тұрғын үйлердің бірінің жетінші қабатынан жерге құлап кеткен 10 жасар бала тірі қалды. Періште қағып, аман қалған оның жағдайы, бірақ, әзірге қиындау. Алған жарақаты ауыр сияқты. Ол № 9 балалар қалалық ауруханасында жатыр. – Біз мұндай оқиғаның болғанын растаймыз, – деді Мәскеу қалалық ішкі істер бас басқармасы баспасөз қызметінен. – Бала қаланың Кочнов аумағындағы үйлердің бірінен құлап кеткен. Ең бастысы, ол тірі. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресіп жатыр. Ал құқық қорғау органдары болған жағдайлардың барлық себеп-салдарын тексеруде. Сонымен қатар, бала құлаған үйдің 32 қабаттан тұратыны да белгілі болып отыр. Ал кішкентайды бұдан біреу итеріп жіберді ме, өзі құлап кетті ме, ол жағын тәртіп сақшылары анықтайтын болады. Не дегенде де, осыншалықты биіктен құлаған баланың аман қалуы өте бір сирек кездесетін оқиға. Мұрат АЙТҚОЖА.