• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Егіздердің түстері екі бөлек

260 рет
көрсетілді

Англияда 20 жастағы Ханна Яркер мен 24 жастағы Кайл Армс­тронг отбасында егіз қыз бала дүниеге келді. Бірақ бұл бір пәлендей таңғалатын жаңалық емес. Мұның ағайынды аң-таң еткен бар жағдайы олардың екеуі­нің екі түрлі нәсілді, екі бө­лек түсті екендігінде болып отыр. Бір қызығы, шақалақтар шыр етіп өмірге келген кезде олардың түрлерінен анау айтқандай айыр­ма­шылық байқалмаған. Олар тіпті бір-бірлерінен айнымайтын болып шыққан. Тек бірнеше күн өткеннен кейін олардың бірінің түсі біртіндеп қарая бастаған. Ақшыл түсті Анайя анасының генін алса, оның сыңары Мила қара нәсілді әкесіне тартыпты. Егіз­дердің мінезі де екі бө­лек екен. Мила өте беймаз болса, Анайя сабырлы қалпымен танылған. Ханна адамдардың біразы өз қыздарының егіз екеніне сен­бейтінін айтады. Тіпті, бұл жайтқа үйреніп те кеткен. «Екеуінің бір күнде туылғанына өзі­міз де сене алмай отырмыз. Се­бе­бі, олардың мінез-құлықтары да бір-біріне ұқсамайды», – дейді жас ана. Руслан ИГІЛІК.