• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Геннадий Головкиннің келесі ұрысы өтетін күн анықталды

260 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 ақпан. Халықаралық бокс федерациясы (IBF) қазақстандық кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин (34-0, 31 КО) мен америкалық боксшы Доминик Уэйд (18-0, 12 КО) арасындағы жекпе-жек күнін 23 сәуірге белгіледі. Бұл туралы championat.com сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Жекпе-жек АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласындағы The Forum аренасында өтеді. Доминик Уэйд бұл кездесуде жеңген жағдайда Головкиннің IBF белбеуіне ие болады. Ал қазақстандық боксшы өз белбеулерін қорғау үшін осымен 16 мәрте сынға түседі. Айта кетейік, Головкиннің қарсыласы өткен жылдың маусым айынан бері шаршы алаңға шыққан емес. Доминик Уэйд соңғы жекпе-жегін 41 жастағы боксшы Сэм Салимонмен өткізіп, әрең дегенде жеңіске жеткен болатын. Аян Әбдуәли. Дерек: championat.com. Сурет: baq.kz.