АСТАНА. 11 ақпан. Ұлттық олимпиялық комитеттің бастамасымен допингке қарсы күрес жөнінде тәуелсіз комиссия құрылды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Комиссия допингке қарсы күрестің жұмысын жетілдіру үшін құрылып отыр. Оның құрамына үкіметтік емес ұйымдар, спорт мекемелері, медицина қызметкерлері, заңгерлер мен басқа да ведомстволардың өкілдері кіреді. Ұлттық олимпиялық комитеттің президенті Тимур Құлыбаевтың айтуынша, комиссияның қазіргі жұмысы Ұлттық антидопингтік орталық пен антидопингтік лабораторияның жұмысын жетілдіруге, халықаралық допингке қарсы күрес ұйымдарымен байланысты нығайтуға арналады. Соның ішінде тәуелсіз комиссия Дүниежүзілік антидопингтік агенттікпен бірігіп жұмыс істеуге баса назар аударады
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: Ұлттық олимпиялық комитет.