ҚАРАҒАНДЫ. 11 ақпан. Қарағанды облысында үш жігіт көлігімен қоса Балқаш көліне батып кете жаздады. Бұл туралы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады.
Оқиға Техснаб елді-мекенінің маңында болды. Автокөлікті көтере алмаған жұқа мұз ойылып кетіп, машина суға жартылай батқан. Көлік ішіндегі үш жігітті Балқаш қалалық жедел-құтқару отрядының жауынгерлері құтқарып қалды. Зардап шеккендерге медициналық көмек көрсетілді. Қазіргі уақытта олардың денсаулығына төнген қауіп жоқ.
Қайрат Әбілдинов.
Дерек, сурет: Қарағанды облысы төтенше жағдайлар жөніндегі департаментінің баспасөз қызметі.