АСТАНА. 11 ақпан. Мәдениет және спорт министрлігінде Рио-де-Жанейро қаласында өтетін XXXI Жазғы Олимпия ойындарына қатысатын спортшылардың спорттық киіміне арналған комиссияның екінші отырысы өтті. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Өткен отырыста комиссияның шешімімен спортшылардың киімін тігуге мемлекеттік тапсырысты отандық компанияларға беру жөнінде шешім қабылданып, эскиздер, киім үлгілері мен оған қойылатын талаптар ұсынылған болатын. Бұл жолы бірінші отырыстағы ұсыныстар ескеріліп, спортшылар формасының нақты дизайны белгіленді.
Комиссия отырысына Мәдениет және спорт министрлігі мен Ұлттық олимпия комитетінің өкілдері, Олимпиада чемпиондары Юрий Мельниченко, Ольга Шишигина, Серік Сәпиев пен дизайнерлер қатысты.
Дастан Кенжалин.
Дерек, сурет: egemen.kz