• RUB:
    5.06
  • USD:
    522.49
  • EUR:
    547.88
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Нигерияда лаңкестерге қару-жарақ өткізбек болғандар ұсталды

365 рет
көрсетілді

АСТАНА. 29 желтоқсан. Нигерияның солтүстігінде орналасқан Мадагали мен Майдугури қалаларында «Боко Харам» содырлар тобы ұйымдастырған жарылыстардан 80 адам қаза тапты. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Борно федералды штатының административті орталығы – Майдугуриден 150 шақырым қашықтықта орналасқан Мадагали қаласында күтпеген жерден лаңкестер шабуыл жасады. Халық көп шоғырланған жергілікті базарлардың бірінде екі әйел бомба қойып, 30 адам қаза тапты. Ал Майдугури қаласының өзінде түнде болған атыс пен жарылыстан 30 адам бақилық болды. Сондай-ақ, 90 тұрғын түрлі жарақат алды. Лаңкестік топ артынша қала мешіттерінің бірінде де қылмысты әрекетін жалғастырды. Құлшылық орнындағы шабуылдан 20 адам көз жұмды. Небәрі алты жылдың ішінде «Боко Харам» содырлар ұйымының қолынан 20 мыңға жуық қала халқы қаза тауыпты. Аталған топ көбіне Нигерияның солтүстік-батысында, сондай-ақ Камерун мен Чад елдеріне террорлық шабуыл жасайды. Аян Әбдуәли. Дерек: ria.ru. Сурет: 112.ua.