• RUB:
    5.16
  • USD:
    479.23
  • EUR:
    534.96
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Тайваньдағы зілзаладан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті

261 рет
көрсетілді

АСТАНА. 11 ақпан. Тайвань аралында болған зілзаладан қаза тапқандар саны 55 адамға жетті. Бұл туралы ТАСС ақпарат агенттігіне сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. Табиғат апатынан әсіресе, Тайвань аралындағы Тайнань муниципалитеті зардап шекті. 17 қабатты «Вэйгуань» тұрғын үй кешенінің қирандысы астынан 52 адамның мәйіті табылды. Ал өзге қалаларда болған жер сілкінісінен 3 адам мерт болды. Сондай-ақ, 80 тұрғынның өмірінен әлі күнге дейін хабар жоқ. Жер асты дүмпуі 6 ақпанға қараған түні болды. Магнитудасы 6,4 баллды құраған зілзаланың салдарынан аймақта ондаған үйлер қирап қалды. Қазіргі кезде арнайы құрылған жасақ оқиға орнында құтқару жұмыстарын жүргізіп жатыр. Сарапшылар із-түзсіз жоғалғандар арасынан аман қалғандардың табылуы екіталай деген болжам жасады. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ТАСС.