• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
12 Ақпан, 2016

Ақпараттар ағыны

206 рет
көрсетілді

● Өткен жылы республикамызда негізгі жобалар бойынша 450 шақырым жол салынды. Ол үшін қазынадан 300 млрд. теңгеге жуық қаржы бөлінген. Аталған жұмыстар 8 жоба бойынша жүргізілсе, өндеу жұмыстарымен 2 мыңға жуық автожол қамтылып, оған 70 мыңнан астам адам жұмылдырылған. ● Елімізде 496,7 млрд. теңгенің ақшасы мен мүлкі заңдастырылды. Атап айтқанда, осы жылдың 1 ақпанына дейін 60 мың нысан, құнды қағаздар және ақша заңды түрде жарияланған. Сондай-ақ, Қазақстаннан тысқары аумақта жалпы сомасы 1,1 млрд. теңгені құрайтын 41 нысан, құнды қағаздар заңдастырылған. ● Алматыда жыл басынан бері жол ережесін бұзған 4319 жаяу жүргінші әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар, 1 тәуліктің ішінде жол қозғалысы ережесін бұзғаны үшін 21 адамға қатысты әкімшілік іс қозғалған. Ал осы жылдың алғашқы айынан бері Алматыда 354 автокөлік жүргізушісіне жол қиылыстары мен жаяу жүргіншілер өткелінде өрескел ереже бұзғаны үшін әкімшілік шара қолданылды. ● Батыс Қазақстан облысы бір жылда мемлекеттік бюджетке 186,3 млрд. теңге аударды. Бұл 2015 жылдың салық және өзге міндетті төлемдерден түскен қаржылар. Облыс әкімдігінің хабарлауынша, жос­пар 107,0 пайызға орындалған. Айта кетейік, Батыс өңірі Ұлттық қорға түсімдер жөнінен республикада екінші орында келеді. ● Атырау облысында газ өндіру көлемі артып келеді. Облыстағы «Теңізшевройл» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 2008 жылы басталған шикі газды айдау зауытын салу жобасын аяқтады. Бұл табиғи газдың тәуліктік өндірісін 22 млн. текше метрге жеткізуге мүмкіндік берді. Айта кетейік, 2015 жылы «Теңізшевройл» компаниясы 1,27 млн. тонна сұйылтылған газ бен 6,85 млрд. текше метр құрғақ газ өндірген. ● Қостанайда оқушылар «ақылды киім» ойлап тапты. Инновациялық жоба мүгедек жандардың мүмкіндігін кеңейтеді. Өнертапқыштар Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушылары. Олардың ойлап тапқан жаңалығының бірі зағиптарға көшеде жүріп-тұруға септігін тигізсе, енді бірі мылқау жандардың ойын толық жеткізуіне көмектеседі. ● Өскеменде еліміздің тарихи маңызды оқиғаларына арналған монеталар көрмесі өтті. Олардың арасында Ұлттық валютамыздың 20 жылдығына, Шанхай Ынтымақтастық Ұйы­мының 10 жылдығы құрметіне құйылған теңгелер бар. Сондай-ақ, көпшілік назарына «Космос» серия­сы бойынша шығарған тиындар топтамасы ұсынылды. Бұл монеталар күміс пен танталдың қоспасы арқылы жасалынған. Хабарлар Үкімет, облыстық әкімдіктер сайттары, «ҚазАқпарат» агенттігі және «24kz» телеарнасының деректері бойынша дайындалды.