• RUB:
    4.98
  • USD:
    516.93
  • EUR:
    542.52
Басты сайтқа өту
11 Ақпан, 2016

Венесуэлада зика безгегінен үш адам қайтыс болды

207 рет
көрсетілді

АСТАНА.  11 ақпан. Венесуэлада зика безгегін жұқтырған үш адам қайтыс болды. Бұл туралы ria.ru сайтына сілтеме жасаған egemen.kz тілшісі хабарлады. «Дәрігерлер бақылауында зика індетін жұқтырған 319 науқас бар. 68 адам аурудың асқынған түріне шалдыққан. Өкінішке орай, оның үшеуі қайтыс болды», – дейді мемлекет басшысы Николас Мадуро. Аталған індет көбіне масалар арқылы тарайды. Вирус әсіресе жүкті әйелдер үшін аса қауіпті. Іштегі шарананың микроцефалия ауруымен туылып, болашақта бас сүйегі мен ми құрылысының дамуына кері әсерін тигізеді. Айта кетейік, өткен жылы Бразилиядан басталған қауіпті безгек бүгінде 30-ға жуық елге тарап үлгерді. Аян Әбдуәли. Дерек, сурет: ria.ru.