АСТАНА. 11 ақпан. Сауд Арабиясында білім саласына жауап беретін шенеунік өзінің алты әріптесін атып өлтірді. Бұл туралы ras.kz-ке сілтеме жасаған egemen.kz хабарлады.
«Сауд Арабиясында соңы көп адамның өлімімен аяқталған атыс оқиғасы тексеріліп жатыр», – делінген хабарламада.
Сонымен бірге, мұның терактіге қатысы жоқ екені де айтылады.
Төтенше жағдай Джизан провинциясындағы білім басқармасында болған. Ведомство қызметкері алты адамды өлтіріп, тағы екі адамды жарақаттаған.
Айта кетейік, полиция күдіктіні ұстап, қамауға алды.
Талғат Райымбек.
Дерек: ras.kz.
Сурет: today.